• Басты
  • Қазақстан мен БАӘ авиациялық келіссөздер жүргізді
15 Қараша, 2019 12:05

Қазақстан мен БАӘ авиациялық келіссөздер жүргізді

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "ашық аспан" режимінде Қазақстанға жаңа әуе компанияларды тарту бойынша жұмыс жүргізуде.
Қазақстан мен БАӘ авиациялық  келіссөздер жүргізді

Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің авиациялық биліктері келіссөздер жүргізді. Келіссөздерге "Fly Dubai", "Emirates Airlines", "Etihad Airways", "Air Astana", "SCAT" әуе компанияларының, сондай-ақ Қарағанды және Алматы қалаларының әуежайларының өкілдері қатысты.

Нәтижесінде екі елдің тағайындалған тасымалдаушыларына Қазақстанда енгізілген 5-ші "әуе еркіндігін" ұсынатын "ашық аспан" тәртібі аясында тұрақты рейсті орындау үшін құқықтық база бекітілді. Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, БАӘ-нің тағайындалған тасымалдаушылары Қазақстанның Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей қалаларынан 5-ші "әуе еркіндігін" ұсынатын "ашық аспан" тәртібі аясында тұрақты әуе тасымалдарын орындауға құқылы.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, әмірлік әуе компаниялар Дубай-Ақтау бағыты бойынша тұрақты ұшуларды орындауды жоспарлап отыр.  Сондай-ақ, "Emirates Airlines" әуе компаниясында 2021 жылдан соң жаңа А330 және А350 әуе кемелерін алғаннан кейін екі ел арасында тікелей тұрақты рейстерді ашу бойынша жоспарлар бар.

Айта кету керек, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау мақсатында 2019 жылдың 1 қарашасынан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей қалаларының әуежайларында рейстер санына шектеулерді алып тастауды және  шетелдік әуе компанияларына 5ші әуе еркіндігін ұсынуды көздейтін "ашық аспан" режимі енгізіледі. "Ашық аспан" режимі одан әрі ұзарту мүмкіндігімен 3 жыл мерзімге жарамды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды