• Басты
  • Қазақстан коронавирус инфекциясы таралған елдерге әуе рейстер санын қысқартады
2 Наурыз, 2020 10:49

Қазақстан коронавирус инфекциясы таралған елдерге әуе рейстер санын қысқартады

Қазақстан коронавирус инфекциясы таралған елдерге әуе рейстер санын қысқартпақ. Бұл туралы елордада өткен баспасөз мәжілісінде Индустрия және инфрақұрылымды дамыту вице-министрі Берік Қамалиев мәлім етті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Қазақстан коронавирус инфекциясы таралған елдерге әуе рейстер санын қысқартады

"5 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан-Баку әуе рейсі тоқтатылады. Ал Алматы-Баку әуе рейсі  бестен бір рейске, Ақтау-Баку әуе рейсі жетіден бір рейске, сонымен қатар Нұр-Сұлтан-Токио бағытына қатынайтын әуе рейсі екіден бір рейске дейін шектеледі.  Аталмыш әуе рейстеріне 1 наурыздан бастап билеті бар барлық жолаушы кассалардан айыппұлсыз билетін қайтара алады. Сондай-ақ айта кету керек, кешеден бастап, яғни 1-наурыздан бастан "Mahan Air" әуе акомпаниясының Алматы – Тегеран бағыты бойынша әуе рейсі тоқтатылды", - деді вице-министр.

Сонымен қатар Берік Қамалиевтің сөзінше, елімізде маскаға байланысты мәселе жоқ. Себебі Қазақстандағы кәсіпорындар тұрақты түрде жұмыс істеп жатыр.

"Қазақстанда бес кәсіпорын маска шығарумен айналысады. Атап айтқанда, бұл өндіріс орындары Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында орналасқан. Бұл кәсіпорындар күніне 170 мың медициналық маска өндіріп отыр. Ал айына елде 5 млн маска шығарылады. Олардың 5-6,5 млн-ға дейін маска шығаруға мүмкіндіктері бар", - деді вице-министр.

Оның сөзінше, елдегі кәсіпорындарда маска шығаруға арналған барлық шикізат көзі бар. Жыл соңына дейін жетеді.

"Тек "Dоlcе" компаниясында ғана сырье шикізатының жетіспеушілігі туралы мәселе көтерілдi. Өйткені Қытай Халық Республикасы маска шикiзатының 50 пайызын маскaмен қaйтару жөнiнде талап қойған еді. Қазір бұл туралы қажетті құжаттар Денсаулық сақтау министрлігі арқылы жасалып жіберілді. Сондықтан бүгiн түсте үкіметтe вицe-прeмьер Роман Склярдың төрағалығымен тағы да жиын өтеді. Оған медициналық маска шығаратын кoмпания басшылары қатыспақ. Кәсiпорындарда қанша шикiзат көзі қалғандығын, қанша маска шығара алатындығы жөнінде мәселелер қозғалатын болады. Негізі есеп бойынша, маска жасауға керекті шикізат көзі жыл соңына дейін жетеді. Бәрі үкіметтің бақылауында", - деп атап өтті Берік Камалиев.

Бұдан басқа Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус инфекциясы тіркелмегенін баса айтып өтті.

"Бүгінге дейін 800 мыңға жуық адам тексеруден өтті. Барлығы 6474 адам карантинге жатқызылды. 6 қаңтардан бастап 186 адам дене қызуымен және жедел респираторлы вирустық инфекциялармен ауруханаға жатқызылды, олардың 166-ы шығарылды, қалғандары ауруханаларда қалды. Коронавирустық инфекция диагнозы расталған жоқ және де зертханалық зерттеулердің нәтижелерінен де аталмыш вирустың белгілері байқалған жоқ", - деді Елжан Биртанов.

Сонымен бірге ол еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің тұжырымдамасына сәйкес Қазақстанда коронавирустың таралуын алдын алу мақсатында елге келген азаматтарды 3 санатқа бөліп қарастарығанын айтты.

"Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің шешімімен 1 наурыздан бастап Иран, Оңтүстік Корея, Италия, Гонконг, Макао және Тайвань елдері бірінші санатқа қосылды. Қазіргі кезде Қытай мен Ираннан келген адамдарға 14 күнге карантин қойылған. Қытай мен Ираннан басқа елдерден келген адамдар 14 күн бойына үйінде карантинге жатқызылады", - деді министр.

Сондай-ақ министр жалған ақпараттардың таралуына қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, дүрлігуге еш себеп жоқ. Осылайша, ол барлық ақпарды тек Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтынан алуға шақырды.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды