• Басты
  • Қазақстан-Корея ынтымақтастығын нығайту мәселесі талқыланды
27 Қыркүйек, 2019 16:24

Қазақстан-Корея ынтымақтастығын нығайту мәселесі талқыланды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев пен Оңтүстік Кореяның Сауда, индустрия және энергетика вице-министрі Ким Йонг-Рэ мырза үкіметаралық комиссия отырысы және президент Мун Чжэ Инның Қазақстанға сапары, сондай-ақ "Самал жел" экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде қол жеткізілген келісімдерді орындау жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысына қатысты,деп хабарлады Strategy2050.kz. 
Қазақстан-Корея ынтымақтастығын нығайту мәселесі талқыланды

Кореялық делегациясымен кездесуді аша отырып, ТимурТоқтабаев Қазақстан Кореяның Орталық Азиядағы ірі сауда әріптесі болып қалатынын еске салды. Мәселен, 2019 жылдың қаңтар-шілде айларында елдер арасындағы тауар айналымы 3,5 $млрд құрады,оның ішінде экспорт – 1,7 $млрд және импорт – 1,8 $млрд. Қазақстанда корея капиталының қатысуымен 500-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. 

 "Бүгінгі таңда Қазақстан металлургия, химия өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі, мұнай химиясы сияқты салаларда Оңтүстік Корея нарығына 40-тан астам тауар түрлерін жеткізуге дайын. Біз өзара тиімді ынтымақтастықты күшейтудің жаңа жолдарын іздеу үшін тауар айналымын арттыру бойынша жұмыс тобын құруға дайынбыз", -деп атап өтті вице-министр.

 Айта кету керек, Корея Республикасы Инвестициялар саласында Қазақстанның ең ірі инвесторларының бірі болып табылады. Соңғы 13 жылда Кореядан Қазақстанға тікелей инвестициялар ағыны 5,5 млрд. АҚШ долларын құрады, ал Қазақстаннан Корея экономикасына жұмсаған инвестициясы 2,2 млн.АҚШ доллары болып табылады. 

"Қазіргі уақытта біздің елдеріміз арасында жалпы сомасы 4,6 млрд. АҚШ долл. құрайтын 41 қазақстандық-оңтүстік кореялық инвестициялық жоба бар.  Ірі жобалар арасында корей-түрік консорциумының қатысуымен Үлкен Алматы айналма автожолын салуды атап өткім келеді. Бұл жоба Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие",-деді Т. Тоқтабаев.

Сондай-ақ, жұмыс тобының отырысы аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице –министрі Орталық Азия аумағында, оның ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысуымен жекелеген жобаларды қоса қаржыландыру мүмкіндігін қарастыруды, Қытайдың Тынық мұхиты жағалауындағы Ляньюньган портында жұмыс істеп тұрған қазақстандық терминалды пайдалануды жандандыруды, "Нұрлы жол" инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ынтымақтастықты кеңейтуді, "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" трансконтиненталдық автодәлізін белсенді пайдалануды ұсынды. 

Қойылған міндеттерді іске асыру екі жақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді және жақын арада екі елдің бизнесі үшін қолайлы жағдай жасайды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды