• Басты
  • Қазақстан Кореяға қандай тәжірибе бере алады
6 Желтоқсан, 2019 11:35

Қазақстан Кореяға қандай тәжірибе бере алады


Қазақстан Солтүстік Кореяға ядролық қарусыздану бойынша үлгі бола алады. Бұл туралы «Корея түбегінің қосылуы және бейбітшілігі: Қазақстан тәжірибесі» атты семинар барысында Кореяның Қазақстандағы елшісі Ким Дэсик мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Қазақстан Кореяға қандай тәжірибе бере алады

Корея елшісі Ким Дэсиктің айтуынша, Корей түбектерінің бірігуі маңызды мәселелердің бірі.

«Оңтүстік Корея Солтүстікке қарағанда жақсы дамыған. Қазір біз 5 тармақ бойынша бірігу мәселелерін қарастырып жатырмыз. Қазір Солтүстік Корея Америкамен ынтымақтастықты арттырғысы келеді. Себебі, қарқынды дамыған елдердің бірі болып табылады. Оңтүстік Корея демократиялық ел ретінде дамып жатыр», - деді К.Дэсик.

Елшінің айтуынша, Қазақстан түбектен шалғайда орналасқан, екі түбектің қосылуына ешқандай байланысы жоқ болып көрінгенімен олай емес екенін жеткізді.

«Қазақстанның екі түбектің қосылуына көзқарасы өте позитивті.Оңтүстік пен Солтүстік Корея біріккен соң, Қазақстанға әлеуетті нәтиже береді деп ойлаймын. Корей түбегіндегі қазіргі таңдағы ең маңызды әрі өзекті мәселелердің бірі ядролық қарусыздану болып отыр. Бұл үрдіс басталған соң, шетелдік елдерге инвестиция шығару басталады деп ойлаймын. Меніңше, ол үшін бізге Қазақстанның да қолдауы қажет болады. Қазақстан Оңтүстік Кореяға қажеті жоқ заттарға қаржы жұмсамаңыздар деген нышан келтіріп, қаржыны ядролық қарусыздануға жұмсап, Қазақстан сияқты жақсы өмір сүруге үндейді деген ойдамын», - деді К.Дэсик.

Елші айтып өткендей, Қазақстанның ядролық қарусыздану саласында тәжірибесі мол.

«Корея мен Қазақстан стратегиялық серіктестік болып табылады. Елордада өтіп жатқан аталмыш форум екіжақты талқылауға септігін тигізеді деп ойлаймын. Солтсүтік Кореяның қауіпсіздігі осал болғандықтан, олар ядролық қаруды дамытып жатыр. Әзірге, ядролық қарудан бас тартқылары келмей отыр», - деді ол.

Өз кезегінде Азия және Африка департаменті директорының орынбасары Берік Абдушев екі жыл бұрын Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастықтың 25 жвлдығын атап өткенін айтты.

«Осыдан екі жыл бұрын екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың басталғанына 25 жыл толғанын атап өткен болатынбыз. Корея Республикасы Шығыс Азиядағы Қазақстанның маңызды әрі негізгі серіктесі болып табылады. Сауда-экономикалық қатыс та дипломатиялық қарым-қатиынас орнатылғаннан батсап белсенді дамып жатыр. Әртүрлі сала бойынша әр деңгейде екіжақты кездесулер жүзеге асырылып отырады», - деді Б.Абдушев.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды