• Басты
  • Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Мәжіліс сайлауына қатысады
23 Қазан, 2020 18:15

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Мәжіліс сайлауына қатысады

Бүгін Қазақстан Коммунистік халық партиясы орталық комитеті саяси бюросының өкілдері БАҚ – на мәлімдеме жасады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Мәжіліс сайлауына қатысады

Партия жетекшісі Айқын Қоңыров 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауына Коммунистиік халық партиясы түсетінін мәлімдеді.

2020 жылғы 11 қарашада партияның кезектен тыс съезді өтеді. Қазақстан Коммунистік халық партиясы бұл съезде нақты шараларды айқындап, сайлауалды бағдарламаны бекіту үшін жиналады. Партия мүшелері мен Мәжілістегі біздің партияның депутаттары ең өзекті мәселелерді көтеріп жатыр. Баспананы несиемен алғандармен, үлескерлермен жұмыс жасадық. Меніңше, олардың көпшілігі риза деп ойлаймын. Өйткені, бұл мәселені біздің фракциямыз ең бірінші болып көтерді. Әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасына қатысты заңды да коммунистер қолдаған жоқ. Ең бастысы Парламент алаңында жерді шетелдіктерге сатуға болмайтындығын ең бірінші болып мәлімдеген партия болдық. Біз ҚКХП мүшелерінің Парламенттегі және мәслихаттардағы өкілдігін ұлғайтуды, онда тиімді заңнамалық жұмысты жалғастыруды, сондай-ақ жергілікті өкілді органдардың жұмыс деңгейін арттыруды көздеп отырмыз, - деді партияның орталық комитетінің хатшысы Айқын Қоңыров.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Мәлімдемесінде партия мүшелерінің Парламенттегі және мәслихаттардағы өкілдігін ұлғайтуды, онда тиімді заңнамалық жұмысты жалғастыруды, сондай-ақ жергілікті өкілді органдардың жұмыс деңгейін арттыруды көздейтіні айтылған.

Қазақстан коммунистік халықтық партиясы орталық комитетінің хатшысы, Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбековтың айтуынша, ол депутат ретінде партия атынан үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге міндетті. Ол мандатын жалғастыра ма, жоқ па, әзірге білмейді.

Біз әр уақытта Парламент сайлауына да жергілікті мәслихаттардың сайлауына қатысып келе жатырмыз. Қазақстанның барлық өңірінде біздің белсенділер бар. Аудандар өз белсенділерін, облыстар өз белсенділерін ұсынады. Парламенттегі біздің 7 депутаттың бәрі сайлауға түседі. Олар жасқа қарамайды. Мәжілістегі ең жасы үлкен саналатын Косарев та қатысады. Менің Парламенттік сайлауға қатыспауға құқығым жоқ. Егер біздің партия жеңіп шыққан жағдайда Мәжіліске мен барамын ба, әлде басқа адам сайлана ма, оны съезд шешеді , - деді ол.

Ахметбековтың айтуынша Заңға сәйкес, партия 30% жастарды және 30% әйелдерді кандидаттыққа ұсынады.

Коммунистік партияға мүшелік еткен жастар жетерлік. Олар әр салада жұмыс істейді. Студенттер де бар. IT салада жұмыс істейтіндер, жеке кәсіпкерлер, заңгерлер, қарапайым жұмысшылар да бар. Біздің басымдықтарымыздың бірі депутаттыққа құзыретті кандидаттарды, оның ішінде әйелдер мен жастарды ұсыну болмақ. Бұл мақсатты аудиторияны және шешілетін мәселелер ауқымын едәуір кеңейтеді. Қаржы дағдарысы, пандемия, әлемдегі әлеуметтік және саяси тұрақсыздық жағдайында Қазақстан халқы дұрыс таңдау жасайтынына сенімдіміз, - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдың 10 қаңтарында ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауы өтетіні туралы құжатқа қол қойды.

Барлық жаңалықтар
3.94.21.209, 192.168.88.100