• Басты
  • Қазақстан Кипрмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты тоқтатпайды – Ә.Смайылов
23 Қыркүйек, 2019 18:12

Қазақстан Кипрмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты тоқтатпайды – Ә.Смайылов

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Ә.Смайылов, Кипр Республикасы Өкілдер палатасының төрағасы Д.Сулуриспен кездесті,деп хабарлады Strategy2050.kz.
Қазақстан Кипрмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты тоқтатпайды – Ә.Смайылов | Strategy2050.kz
«Қазақстан мен Кипр арасында берік достық пен сенімді ынтымақтастық бар. Біз Кипрді Оңтүстік Еуропадағы маңызды серіктестердің бірі санаймыз және арадағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейтуге және көрсеткіштерді еселеуге мүдделіміз », - деді Ә. Смайылов өзінің алғы сөзінде.

 Осы жылдың мамыр айында Қазақстан мен Кипр қосарланған салық салуды болдырмау туралы үкіметаралық конвенцияға қол қойды.

 Ә.Смайылов атап өткендей, арадағы алыс берісті саралар болсақ, Қазақстан негізінен - мұнай және мұнай өнімдерін экспорттайды, ал импорт өнімдер қатарында машиналар, жабдықтар мен пластмасса бұйымдары бар.

 Сонымен, 2019 жылғы қаңтар-маусым аралығында тауар айналымы 

17,9 млн долларды (экспорт - 17 млн, импорт - 0,9 млн) құрады. 2018 жылы бұл көрсеткіш 20,3 млн доллар (экспорт - 18,8 млн, импорт -1,5 млн) болған еді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша 2005-2019 жылдың 1 тоқсаны бойынша еліміздің экономикасына Кипрден 2,24 млрд доллар тікелей инвестиция келді, ал Қазақстан Республикасынан Кипрге 790 млн АҚШ доллар инвестиция құйылды.

2018 жылғы мәлімет бойынша Қазақстанда Кипрдің қатысуымен 207 заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер тіркелген.

Кипр Республикасы Өкілдер палатасының төрағасы Димитрис Силлуристің айтуынша, «екіжақты сауданы кеңейту, әртараптандыру және ұлғайту перспективалары бар. Мысалы, Кипр нарығына қазақстандық ауылшаруашылық өнімдері, атап айтқанда астық және ет өнімдерін жеткізуге болады». Сонымен қатар, Қазақстанның Кипрден зәйтүн және зәйтүн майын алуға қызығушылығы болуы мүмкін екені айтылды.

Д.Силлурис, Кипр өзін аймақтық қаржы хабы ретінде көрсетуге мүдделі екенін айта келе, Астана халықаралық қаржы орталығы аясында қаржы және инвестиция саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың әлеуетін атап өтті.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды