• Басты
  • Қазақстан Үкіметі CERN ұйымымен халықаралық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады
26 Қыркүйек, 2019 17:57

Қазақстан Үкіметі CERN ұйымымен халықаралық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады


Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының пленарлық отырысында Қазақстан Үкіметі мен Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйым (CERN) арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы халықаралық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қабылданды, деп хабарлады  Strategy2050.kz.
Қазақстан Үкіметі CERN ұйымымен халықаралық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев пленарлық отырыстағы өз баяндамасында аталмыш Келісімді ратификациялау ғылыми байланыстарды одан әрі нығайтуға жағдай жасайтынын атап өтті.

«Қазақстан ғалымдары, инженерлері, студенттері мен техникалық мамандары ұзақ мерзімдік негізде CERN ғылыми-зерттеу жобаларына қатыса алады. Келісім ратификацияланғаннан кейін Қазақстан Non-member state, яғни CERN-ге мүше емес мемлекет мәртебесіне ие болады. Аталмыш мәртебе қазақстандық ғалымдар мен мамандарға мүшелік жарналарды төлемей-ақ CERN-нің қолданыстағы қондырғыларында тағылымдамадан өтіп, жоспарлы эксперименттер мен ғылыми зерттеулерге қатысуына мүмкіндік береді», - деді Бозымбаев.

Сонымен қатар, келісім ядролық физика, элементар бөлшектер физикасы және жоғары энергиялар физикасы, қатты дененің радиациялық физикасы бойынша іргелі зерттеулер; ядролық физика бойынша қолданбалы зерттеулер; энергетикада, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында және медицинада ядролық технологияларды әзірлеу және қолдану бағыттары бойынша атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы екі жақты өзара тиімді ынтымақтастықты көздейді.

Бұдан бөлек, CERN ынтымақтастығын одан әрі дамыту мақсатында Энергетика министрлігі мен Білім және ғылым министрлігі Жол картасын әзірлеп, бекітті, бұл Жол картасында іргелі және қолданбалы зерттеулер, ядролық медицина, ядролық физика және т.б. салаларда институттардың, сондай-ақ, ғылыми ұйымдардың CERN зертханаларымен ынтымақтастығы көзделген.

Айта кетейік, аталған халықаралық келісімге 2018 жылдың 29 маусымында Женевада ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев пен Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйымының бас директоры Фабиолла Джанотти қол қойды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды