- Басты
- Қазақстан халқы оппозициялық күштерді неге қолдамайды? Сарапшы пікірі
Қазақстан халқы оппозициялық күштерді неге қолдамайды? Сарапшы пікірі
Неліктен Қазақстанда радикалды оппозициялы күштер халық тарапынан қолдауға ие болмай отыр? Бұл сұратың жауабын қазақстандық саясаттанушы Данияр Әшімбаев Strategy2050.kz тілшісіне айтып берді.

Ең басты себеп оппозициялық күштердің өзінде болып отыр. Қазақстанда радикалды идеология дүбәра күйде. Қазақстандықтар арасында ұлттық, социалистік радикализмге сұраныс жоқ. Сонымен қатар біздің елде саяси радикализмге келгенде мынадай тенденция қалыптасқан: билікте, мемлекеттік қызметте жүрген азаматтар сыбайлас жемқорлық жанжалдан кейін немесе басқа да қылмыстық іс, саяси банкроттықтан кейін өзінің жеке басының мүддесі үшін ғана оппозицияға кетеді. Радикализм дегеніміз белгілі бір көзқарасты бұлтартпай ұстану, тек соны жақтау деген мағынаны білдіреді. Демек, Қазақстанда оппозицияда жүрген адамдардың көзқарасы өзгеріске ұшырап отырады.
Қазақстан азаматтары соғыссыз, тыныш өмірді қалайды. Сондықтан билікке қарсы шығатын оппозициялық күштерге ере бермейді. Біздің халық үшін бейбітшілік, татулық пен тұрақтылық - негізгі құндылық. Қазақстанның ел болуындағы басты фундамент те осы.
Біздің елде үлкен өзгерістерге себеп болатын азаматтар аз. Тәуелсіздіктен кейінгі Қазақстанның саясатына шолу жасасақ, оппозицияға көптеген бұрынғы шенеуніктер барған. Олардың қатарында премьер-министр де, әкімдер де, олигарх та бар. Олар мемлекеттік қызметте жүріп, биліктің идеясын қолдады, жұмыс істеді. Ал бір үлкен жағымсыз жағдайға тап болғаннан кейін басқаша пікір айтып, оппозицияға кете салды. Мұндай азаматтарға халық оңайлықпен ереді деп айта алмаймын. Өйткені олар бұрынғы жақсы табысынан айырылды да, басқа табыс көзін іздеу мақсатында оппозицияға өте салды. Олар ұрандатқанымен, түпкі мақсаттары мен ойлары түсінікті. Осыдан кейін тұрғындар оларға қалай сенім артсын?
Соңғы 30 жылда осындай саяси фигураларды көрдік. Үлкен лауазымда жүргенде олар экономиканың дамуы, елдің жан-жақты дамуы туралы ұрандатса, оппозицияға кетіп, радикалды саяси көзқарастарын білдірді.
10 қаңтарда өтетін Мәжіліс және мәслихат сайлауына түсіп жатқан бес партияның ішінде оппозициялық партия бар деп айта алмаймын. Парламенттік үш партия «Нұр Отан», «Ақжол», «Халық» және парламенттік емес «Ауыл» мен «Адал» өзіндік ұстанымдары, ой-пікірі бар партия болғанымен, олардың ешқайсысы оппозиция емес. Олар демократиялық идеяны ұстанады.
-
Жердің шетелдіктерге сатылмауы мен жалға да берілмеуі – халық күтіп отырған ең басты мәселе. Сарапшылар пікірі
-
Қазақстан бірқатар мемлекетке рейстер санын арттырмақ
-
Қазақстандағы эпидахуал: ауру жұқтырғандар көрсеткіші, вакцинациялау науқаны, бизнеске арналған мобильді қосымша
-
61 мыңға жуық қазақстандық зейнетақы аннуитеті шартына қол қойған
-
Қазақстандағы адам саудасы: үш жылда 1100 қылмыс тіркелді
-
2021 жылы қазақстандықтар үшін қандай тұрғын үй бағдарламалары қолжетімді
-
Қазақстандағы экология зaңнaмaсы: жаңашылдық пен жауапкершілік жүгіндегі өзгерістер
-
2021 жыл - «Балалардың кітап оқуын қолдау» жылы: атқарылатын жұмыстар
-
М.Жанғазивеа: Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқым келеді
-
Президент тапсырмасы: Қазақстан үкіметі қандай шараларды қолға алды
-
Қазақстанда халықты вакцинациялаудың бipiншi күнi қалай өттi
-
Коронавирусқа қарсы вакцина әлемдік стандарттарға сай - сарапшы
-
Stop Musor: «Қазақстан қалаларын қоқыс басып барады»
-
А.Райымқұлова: Құжат - ЮНЕСКО жүйесiнде Қазақстанның бастамаларын iске асыруға ықпал етпек
-
Сарапшылар пікірі: "Президент Үкімет отырысында ең өзекті мәселелердің шешімін айтты"

