• Басты
  • Қазақстан кей елдер ғасырлап өткен жолды аз уақыттың ішінде бағындырды – Қазан мэрі
10 Қазан, 2019 13:36

Қазақстан кей елдер ғасырлап өткен жолды аз уақыттың ішінде бағындырды – Қазан мэрі


Қазақстан кей елдер ғасырлап өткен жолды аз уақыттың ішінде бағындырды. Бұл туралы Қазан қаласының мэрі Ильсур Метшин Нұр-Сұлтандағы UNWTO туристік саммиті аясында журналистерге берген сұхбатында айтты.
Қазақстан кей елдер ғасырлап өткен жолды аз уақыттың ішінде бағындырды – Қазан мэрі

Қазан қаласының мэрі Ильсур Метшин осындай алаңда әлемнің үздік сарапшылары жиналып, тәжірибе алмасқандары өте тиімді екенін атап өтті.

«Әлемдік туризмде алдыңғы орындарды иеленіп келе жатқан елдердің өкілдері бар. БҰҰ аясында өтіп жатқан шара біз үшін, яғни мэрлер үшін өте маңызды. Себебі, барлығын білетін мэр болмайды. Әр қала өзіндік ерекшелікке, айырмашылыққа ие. Әр қаланың өзіне тән қайсарлығы мен қайраттылығы болады. Сондықтан да, әр салада әрқалай мықты болып жатады. Тәжірибе алмасып, тек өзімізге керекті тұстарды алу өте маңызды», - деді И.Метшин.

Сонымен қатар, қала басшысы Қазақстан -Татарстан үшін бауырлас ел, халық екенін атап өтті.

«Біз Қазақстанның жетістігін қызығушылықпен тамашалап отырамыз. Қазақстаннан әркез үйреніп жүреміз, үлгі аламыз. Қазақстан кей елдер ғасырлап өткен жолды аз уақыттың ішінде бағындырды. Біз әркез осындай жетістіктерге жеткен Қазақстан үшін қуанамыз», - деді ол.

Сондай-ақ, қала мэрі бұл оның Қазақстанға жасаған алғашқы сапары емес екенін айтып өтті.

«Қазақстанға бірнеше мәрте келдім. Әр келген сайын даму қарқынын көріп, тамсанамын. Экономика, бизнес те ілгері дамып жатыр. Орнында тұрмайтыны көрініп тұр. Қазақстандағы татар халқымен де тығыз қарым-қатынастамыз. Жақында ғана осы елде өткен «Сабантойға» даа келгенбіз. Бұл қарым-қатынастар барлық бағыт бойынша дамып жатыр», - деді ол.


Аягөз Құрмаш 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды