- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан өңірлеріндегі эпидахуал: Вирус жұқтыру көрсеткіші өсті
Қазақстан өңірлеріндегі эпидахуал: Вирус жұқтыру көрсеткіші өсті
Соңғы мәлімет бойынша Қазақстанда 24 875 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 6 570 пациент стационарда, 18 305 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. қазіргі уақытта Павлодар облысы Ақмола, Қостанай, Атырау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймақта тұр. Өңірлердегі эпидахуал Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Қазақстан бойынша қазір аурумен күресіп жатқан 294 адамның жағдайы ауыр деп бағалануда. Ал 60 пациенттің жағдайы өте ауыр. Барлығы 40 науқас өкпені жасанды желдету ааппаратында жатыр.
Бұдан бөлек COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар да бар. 16 қаңтардағы мәлімет бойынша 17 жағдай тіркеліп, 2 жағдай өліммен аяқталған. 40 адам жазылып шыққан. 2020 жылдың 1 тамызынан бастап
Науқастардың жалпы саны – 46 848, өлім жағдайлары - 540, барлығы 34 613 адам сауығып шықты.
Тараз қаласы
Тараз қаласындағы эпидемиологиялық ахуал туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өтті. Тараз қаласы әкімінің орынбасары Садубаев Алмастың айтуынша, Жамбыл облысы жасыл аймақта тұрса да, тұрғындардың сақтық шараларына немқұрайлы қарауы салдарынан ауру жұқтырғандар саны өскен.
«Тұрғындар көп шоғырланған жерлерде бетперде кимей, әлеуметтік ара қашықтықты сақтамауынан Тараз қаласы жасыл аймақтан сары аймаққа өтуі мүмкін. Алдын ала ескерту жұмыстары жүргізілмесе, эпидахуалды күрделендіріп алу қаупі бар», - деді әкімнің орынбасары.
Тараз қаласының бас санитарлық дәрігері Алтынбасова Ританың хабарлауынша, 2020 жылы қала бойынша 2260 жағдай тіркелген. Ал 2021 жылдың қаңтар айында 240 жағдай тіркелген. Қаңтар айында қалада 4 адам осы инфекциядан қайтыс болды.
«Ауру жұқтырғандардың көбі 65 жастан асқан ересектер. Сонымен қатар жалпы көрсеткіштің 40 пайызы жұмыссыздар. Ал 30 пайызы зейнет жасындағы адамдар. Тараз қаласының коронавирус ошақтарында 4 мобильді топ тәулік бойы жұмыс істейді. Олар ауру жұқтырғандар туралы қажетті ақпаратты жинап, стационарлық емге жіберіледі. Науқастармен жақын қарым-қатынаста болған кісілер де тексеріледі», - деді бас санитар.
Санитар дәрігер сақтық шараларына немқұрайлы қарамауды сұрады.
«Жамбыл облысы «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа өтуі мүмкін. Денсаулықты күту мақсатында үлкен кісілер жасырын жасалып жатқан беташар тойларға, соғымның басына бармауын сұраймыз. Бүгінгі таңда Тараз қаласында осындай жасырын іс-шара ұйымдастырып, карантин талаптарын бұзған бизнес өкілдеріне қатысты 228 хаттама толтырылып, 49 млн теңгеге айыппұл салынды», - деді ол.
Павлодар облысы
Павлодар облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Батырбек Әлиевтің айтуынша, өңірдегі эпидахуалға байланысты карантиндік шектеу шараларын күшейтті. Бас санитардың жаңа қаулысының ережелеріне сәйкес, ашық және жабық ғимараттарда көріністі, спорттық іс-шараларды, отбасылық, ойын-сауық, ұжымдық, корпоративтік, салтанатты (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру) іс-шараларды, адам көп жиналатын іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Сонымен қатар ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, комспьютер клубтары, букмекер кеңселері, лото терминалдары бар нысандар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, кинотеатрлардың қызметі тоқтатылды.
Тек кітапханалар мен мұражайлардың жұмыс істеуіне арнайы шарттар бойынша рұқсат берілген. Кезекші топтарды қоспағанда мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салынған. Қала және аудан арасында жүретін автобустар кесте бойынша шектеумен жүреді.
Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысы «Жасыл» аймақта. Әйтсе де, соңғы тәулікте 21 адамнан коронавирус анықталды.
Ауру жұқтырғандар – Ақтөбе қаласы, Мәртөк, Мұғалжар аудандарының тұрғындары. Дәрігерлер науқастармен байланыста болған тағы 20-дан астам адамды да бақылауға алған.
«Ақтөбе облысында 108 науқас ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 37 науқас инфекциялық стационарда. Барлығы 9 науқас жансақтау бөлімінде болса, оның біреуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Ауру белгілері анықталған жағдайда бірден учаскелік дәрігерге хабарласу керек. Өз бетімен емделуге болмайды», - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.
Бұдан бөлек Ақтөбеде тағы 60 адам карантинге жабылды. Эпидемиолог мамандар тұрғындардың арақашықтыты сақтап, бетперде тағып, антисептикті қолдануды күшейтуге шақырды.
«Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында коронавирус жұқтырғандар саны көп. Соңғы тәулікте Ақтөбеде де өсті. Көп адам жиналатын орынға бармаған жөн. Ғимарат ішінде, қоғамдық көлікте маска таққан дұрыс», - деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев.
Қарағанды облысы
Қарағанды облысы коронавирустың тарауы бойынша, «жасылдан» «сары» аймаққа өтті. Облыс аумағында пандемия басталғаннан бері барлығы 12 782 коронавирустық инфекция жұқтыру жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші 899,8 құрады. Науқастар бойынша жасалған деректерге сәйкес вирус жұқтырғандардың 54,9% - індет белгілері болған, белгілерінсіз вирус тасымалдаушылар - 45,1% құрады.
Қазіргі уақытта өңірдің эпидемиологиялық ахуалы күрделі деп бағаланып отыр, коронавирустық инфекция бойынша сырқаттанушылықтың күнделікті өсуі тіркелуде.
Аурудың өршуіне жол бермеу мақсатында облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысының талаптарының сақталуын қатаң қамтамасыз ету қажет және жеке қауіпсіздік шараларын, яғни бетперде тағу, адамдардың жаппай жиналатын орындарға бармау, қолды жиі жуу, антисептиктерді пайдалану сияқты қарапайым шараларды сақтауға шақырды.
Алматы қаласы
Алматы «жасыл» аймақта. Десе де қала ішінде шектеу шараларының бұзылғаны байқалады. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қалада мониторингтік топтардың тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Аудан әкімдіктерінің, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, сондай-ақ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдерінен құрылған мониторингтік топ демалыс күндері (15.01.2020 – 17.01.2020 қараған түні) кәсіпкерлік нысандары бойынша карантиндік режим талаптарын анықтау және түсіндіру мақсатында аудандарды түнгі аралау жүргізді. Оның барысында 553 нысан тексерілді. 28 хаттама толтырылды.
Қалада барлығы 32 мониторингтік топ жұмыс істеді. Карантиндік шаралардың барынша көп бұзылуын ескере отырып, мониторингтік топтардың жұмысы Алматының 4 ауданында: Бостандық, Алмалы, Әуезов, Медеу аудандарында (сандық мониторинг, адамдар көп жиналатын орындарды талдау, қоңырау белсенділігін талдау бойынша анықтамалар мен есептер, сондай-ақ қалаға кіру және шығу туралы деректер ведомствоаралық комиссияға күнделікті негізде беріледі) күшейтілді. Алматы әкімдігі жұқтыру қаупін азайту мақсатында қала тұрғындары мен қонақтарын адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға шақырады. COVID-19 алдын-алу шараларын күшейтіп, өзіңізге және басқаларға қауіп төндірмеңіз. Кәсіпкерлік субъектілері санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етуі, белгіленген жұмыс режимін сақтауы қажет. Қызметкерлер мен келушілерге термометрия жүргізілуін, қызметкерлердің медициналық бетперделер мен қолғаптардың қорымен қамтамасыз етілуін бақылау; дезинфекциялау; 4 шаршы метрге 1 адам есебінен келушілердің шектеулі санын қамтамасыз ету; сауда залдарына кіруге рұқсат беру әлеуметтік белгі болған жағдайда жүзеге асырылуы керек; келушілерден бетперде болуын талап ету; келушілердің жиналуын болдырмау және әлеуметтік алшақтықтың сақталуын қамтамасыз ету; іргелес аумақты дезинфекциялауды тәулігіне кемінде 1 рет жүргізу.
Нұр-Сұлтан қаласы
Елорда «қызыл» аймаққа енген өңірлер қатарында. Бүгін шектеу және карантин шаралары туралы қаулы күшіне енді. Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың қаулысына сәйкес, елорда тұрғындары арасында коронавирус инфекциясы ауруларының көбеюіне байланысты СОО мен қоғамдық тамақтану объектілері шектеу шараларын қатаң сақтаған жағдайда ғана жұмыс істейтін болады.
Сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жобалық қуаттың 30%-нан аспайтын толымдылығын сақтаған кезде, рекреация аймақтарында және демалыс аралдарында сатып алушылардың болуын қоспағанда, осы Қаулыда белгіленген жұмыс уақыты өткеннен кейін сатып алушылардың сауда залында болуына тыйым салумен жұмыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып және демалыс күндері (оларда орналасқан дәріханалар және тамақ өнімдері мен бірінші қажеттіліктегі заттарды сататыншағын маркеттерді, супермаркеттерді және гипермаркеттерді қоспағанда) жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру.
Фудкорттардың жұмысы тек өздігінен алып кетуді қоспағанда, курьерлік жеткізуге ғана рұқсат етіледі.

-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды»
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді
-
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты
-
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»

