• Басты
  • Қазақстан инвестицияларды тартуда үлкен мүмкіндікке ие - Д.Френкель
12 Қараша, 2019 11:56

Қазақстан инвестицияларды тартуда үлкен мүмкіндікке ие - Д.Френкель

Қазақстан инвестицияларды тартуда үлкен мүмкіндікке ие екенін JP Morgan Chase International басқарма төрағасы, Халықаралық отыздық тобының төрағасы Джейкоб Френкель «Астана клуб» отырысы барысында атап өтті,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Қазақстан инвестицияларды тартуда үлкен мүмкіндікке ие - Д.Френкель
«Қазақстан Еуропа мен Азияға деген өзіндік дәліз секілді және экономикалық өсімді дамыту үшін осы аймақта іс-шаралар жүргізіп жатыр. Ұлы жібек жолының нақ ортасында орналасқан Қазақстан үшін инфрақұрылым өте маңызды. Бұл Қытай мен батыс нарығын жалғастырып қана қоймай, мыңдаған арақашықтықта жатқан мемлекеттер мен қалаларды бір-бірімен байланыстыруға мүмкіндік береді. Қазақстанның инвестицияларды тартуда үлкен мүмкіндікке ие», - деді Д.Френкель.

Сонымен қатар, сарапшы жалпы әлем бойынша инвестициялар төмендеп жатқанын тілге тиек етті.

«Тікелей инвестциялар әлем бойынша төмендеп келеді. Қазақстан осындай жағдайда елге инвестициялар тартуда үлкен мүмкіндікке ие. Астана халықаралық қаржы орталығы инвесторларды тартуда көптеген іс-шаралар атқарып жатыр. Бұл аймақ инвестициялық климатын жақсартуға байланысты өзінің әлеуетін көрсететін болады. Адами ресурстарды дамыту тиімді түрде Қазақстанның экономикасын дамытуға мүмкіндік береді. Қазақстанның экономикасын әртараптандыру, табиғи қазба байлықтарын жаһандық тізбекке ендіру, әрі қарай өндіру де маңызды болып отыр», - деді ол.

Сондай-ақ, Д.Френкель Қазақстан бүгінде Еуразияны дәл ортасында орналасқан басқа нарықтармен байланысы жоғары мемлекет екенін атап өтті.

« Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз көп векторлы саясаттың іргетасын қалағады.Бұл саясат жер шарындағы әлем елдеріндегі қарым-қатынастарды дамытуға мүмкіндік берді. ҚР Тұңғыш Президенттің жуырдағы бастамалары Еуропа Одағы, АҚШ, Қытай арасындағы келіссөздер жүргізу әлем үшін елеулі әсерін тигізеді деген ойдамын. Ұзақ мерзімді стратегия Қазақстан үшін даму басымдығы, жаһандық трансформация технологиялар даму бағдаралмаларын қайта қарауды тарап етеді. Стратегия 2050, «100 нақты қадам». Қазақстан секілді 2050 жылға дейін бағдарламлаары бар мемлекеттер бар ма? Қазақстанның өте бір керемет бағдаралмасы бар, оны бақылап, қарау қажет. Қазақстанның өсуі үшін маңызды. Осы арқылы дәстүрлі технологияларға қарағанда дамытуға болады. Қазақстанның, президент Назарбаевтың бастамаларын қолдаймын, әрі қара өзекті мәселелерді талқылаймын деп ойлаймын», - деді ол.

Айта кетейік, 2015 жылы құрылған «Астана Клубы» қазақстандық пікіріталас алаңы қысқа мерзімде Еуразияның барлық маңызды ойыншыларын біріктірген нағыз жаһандық алаңға айналып, халықаралық қызығушылыққа ие болды. Клуб тараптарды бір үстелдің басына жинау арқылы түрлі геосаяси аймақтарда қақтығыс құрсауына ілінген мәселелер бойынша ортақ шешім шығаруға мүмкіндік береді. Клуб ұйымдастырған жылсайынғы жиналыстарға әлемнің 40 елінен 200-ден астам спикер қатысты. Олардың қатарында АҚШ, Қытай, Ресей, Иран, Германия, Түркия, Ұлыбритания, Франия, Жапония, Оңтүстік Корея және басқа да елдердің меймандары бар.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды