• Басты
  • Қазақстан Елшісі Владмимр Зеленскийге сенім грамоталарын тапсырды
16 Сәуір, 2020 09:27

Қазақстан Елшісі Владмимр Зеленскийге сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Республикасының Елшісі Дархан Кәлетаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлады Strategy2050.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 



Қазақстан Елшісі  Владмимр Зеленскийге  сенім грамоталарын тапсырды

Елші рәсім аясында өткен сұхбат барысында Қазақстанның жоғарғы басшылығының Украинамен кең ауқымды мәселелер бойынша прагматикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделілігін растады. Сонымен бірге, ол екі ел халықтарының тығыз тарихи байланысы мен екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың маңызды әлеуетін атап өтті.

Өз кезегінде Президент В.Зеленский Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қытайдан Украинаға Қазақстанның аумағы арқылы коронавируспен күресу үшін гуманитарлық жүк жеткізуді ұйымдастыруға жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Ол Қазақстанда вирустық инфекцияның таралмауы бойынша қабылданып жатқан шараларды, сондай-ақ Украинадан Қазақстанға отандастарымыздың тез оралуы үшін екі елдің үйлесімді әрекетін жоғары бағалады.

Украина басшысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық қоғамдастықтағы ерекше рөлі мен беделін атап өтті. Оның қазақстандық-украиндық достық қарым-қатынас орнатуға және дамытуға ерекше үлес қосқанын атап өтті.

Сонымен қатар, сұхбат барысында өнеркәсіп, машина жасау, ауыл шаруашылығы, ІТ-индустриясындағы бірқатар ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ Транскаспийлік халықаралық көлік дәлізін дамыту мәселелері талқыланды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды