• Басты
  • Қазақстан Елшісі Моңғолияның Президентіне сенім грамоталарын табыстады
1 Қазан, 2019 17:55

Қазақстан Елшісі Моңғолияның Президентіне сенім грамоталарын табыстады

 Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Жалғас Әділбаевты Cенім Грамоталарын табыстау үшін Моңғолияның Президенті Халтмаагийн Баттулга қабылдады.  

Қазақстан Елшісі Моңғолияның Президентіне сенім грамоталарын табыстады

СІМ хабарлағандай, кездесу барысында Моңғолияның Басшысы қазақ-моңғол елдері арасында қалыптасқан достық қарым-қатынастар мен өзара сенім ахуалын, сондай-ақ өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша екі мемлекеттің ынтымақтастығын атап өтті. 

 Сауда-экономикалық ынтымақтастық, көліктік-логистикалық, ауыл шаруашылық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті, сондай-ақ болашақтағы ең жоғарғы және жоғары деңгейдегі өзара сапарлар мәселелері талқыланды.

 Х.Баттулга кездесу соңында өзара байланыстардың одан әрі нығая беретініне сенім білдіріп, Елшіге дипломатиялық жұмыста табыс тіледі.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды