• Басты
  • Қазақстан Елшісі Доминикан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
14 Қазан, 2019 14:40

Қазақстан Елшісі Доминикан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстанның Елшісі Андриан Елемесов салтанатты рәсім барысында Доминикан Республикасының Президенті Данило Медина Санческе сенім грамоталарын тапсырды. Рәсімге Доминикананың Сыртқы істер министрі Мигель Варгас және осы Кариб елінің басшы топтарының өкілдері қатысты.

 

Қазақстан Елшісі Доминикан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, жылы достас қалпында өткен кездесу барысында Елші Доминикан басшысына екіжақты қарым-қатынастарды сапалы жаңа деңгейге шығару үшін барынша күш-жігер салатынына сендірді. Қазақстандық дипломат бар елеулі әлеует біздің елдерімізге өзара тиімді байланыстарды тереңдету және кеңейту мүмкіндіктерін оңтайлы қарауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Д. Медина Санчес ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сәлемін айтып, Елшіге дипломатиялық миссиясында табыс тіледі. Президент Санто-Домингоның Қазақстанмен өңірлік көшбасшы ретінде достық қарым-қатынасқа мүдделі екенін, сондай-ақ екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша екіжақты диалогты дамытуға үміт артатынын атап өтті.

 Екі елдің туристік саладағы әлеуетін ескере отырып, екі ел азаматтарының өзара сапарларының визалық тәртіпті жою туралы қол қоюға жоспарланған келісімнің маңыздылығы ерекше атап өтілді, бұл түрлі бағыттар бойынша байланыстарды жандандыру үшін кең мүмкіндіктер ашады.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды