- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Елшісі Дания Патшайымына сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстан Елшісі Дания Патшайымына сенім грамоталарын тапсырды
«Амалиенборг» Патша сарайында өткен салтанатты рәсімнен кейін дат мемлекетінің басшысында аудиенция өтіп, ол Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Жылы жағдайда өткен әңгіме барысында Қазақстан мен Дания арасындағы жан-жақты байланыстарды тереңдету және кеңейту жолдары қозғалды. Патшайым еліміздің ежелгі тарихы мен өзіндік мәдениетін атап өтіп, тараптар екіжақты мәдени-гуманитарлық қатынастардың түрлі аспектілеріне тоқталды. Маргрете II Елшіге Қазақстан мен Дания ынтымақтастығын нығайту жолындағы жұмысында табыстар мен жеміс тіледі.
Сапар бағдарламасы шеңберінде Қ.Әбдірахмановтың Данияның Сыртқы істер министрінің халықаралық саясат мәселелері жөніндегі орынбасары Л.Зильмер-Джонс, Фолькетингтің (Парламенттің) Сыртқы істер жөніндегі комитетінің төрағасы М. Кнутпен кездесулері өтіп, ҚР басшылығының бітімгершілік бастамалары ұсынылды және саяси өзара іс-қимылдың түрлі аспектілері бойынша, оның ішінде БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдар мен олардың парламенттік ассамблеялары шеңберінде пікір алмасу болды. Жетекші дат экономикалық құрылымдары – Өнеркәсіпшілер конфедерациясы мен Экспорттық-несие агенттігі және Дания СІМ жанындағы сауда кеңесінің басшылығымен кездесу барысында сауда мен инвестицияларға басты назар бөлінді.
Әлемнің көптеген бұрыштарында тәжірибесі кең қолданылатын бұл ел Қазақстан үшін өте перспективалы серіктес болып табылады және экономика мен қоғамның даму тұрақтылығын бағалайтын барлық халықаралық рейтингтерде алдыңғы қатарлы позицияларды иеленеді. Жоғары деңгейдегі алғашқы байланыс ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың 2000 жылғы қазанда Корольдікке ресми сапары кезінде орын алды. 2019 жылғы қаңтар-қыркүйек кезеңінде өзара сауда айналымы 60 млн. АҚШ долл., оның ішінде экспорт 17 млн. АҚШ долл. және импорт 43 млн. АҚШ долл. құрады. Қазақстан Данияға негізінен минералды өнімдерді экспорттайды және химия, тамақ өнеркәсібі өнімдерін, машиналар мен жабдықтарды, аспаптар мен аппараттарды импорттайды.
Бүгінгі таңда елімізде 30-дан астам бірлескен кәсіпорын тіркелген.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру