• Басты
  • Қазақстан экспортқа қандай өнімді көбірек шығарады

Қазақстан экспортқа қандай өнімді көбірек шығарады

26 Қазан, 2020 14:45

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ҚР Президенті Жолдауында айтылған тапсырмалардың орындалуын, экспорттағы инфрақұрылымдық және цифрлық жобаларын, сонымен қатар, Қазақстандағы импорт пен экспорт көрсеткіштері мен сауда нарығындағы цифрландыру туралы баяндады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың хабарлауынша, Қазақстанда азық-түлік экспорты өскен. Өсудің негізгі драйверлері: ұн, макарон өнімдері, күнбағыс майы, сиыр еті, соя майы. Машина жасау өнімдерінің экспорты да артты. 8 айдың қорытындысы бойынша өңделген тауарларлдың экспорты 7,3%-ға 10,4-тен 9,7 млрд АҚШ долларына дейін азайды. Экспорттың негізгі төмендеуі мырыштың (-121,2 млн $), мұнай өнімдерінің (-332,6 млн $), ферроқорытпаларының (-249,7 млн. $), жеткізілімінің қысқаруы және бағалардың төмендеуі есебінен болды. Мысалы, жылжымалы құрам бөліктерін жеткізу 3,2 есеге, жеңіл автокөліктерді жеткізу 3 есеге артқан.

Сауда министрлігі елдің өндірістік мүмкіндіктерін тексеріп, әлемдік сауда нарығына талдау жасап көрді. Экспортты арттыру үшін жалпы сомасы 13,4 млрд доллардан асатын секторды іздеп көрдік. Нәтижесінде 16 перспективалы сектор анықталды. Қазір барлық салалық қауымдастықтармен, кәсіпорындармен белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Мақсатымыз теория жүзінде көрсетілген сандарды өндірісте көрсету, келісімшарттарға және басымды экспорттық нарықтарға жеткізу каналдарына айналдыру, - деді ол.

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, Мемлекет басшысының маңызды тапсырмаларының бірі – Еуразиялық экономикалық одақ және Орталық Азия өңірі елдерінің жүйелерін интеграциялау Соның әсерінен ұлттық тауар өткізу жүйесін құру. Осы ретте Еауразиялық азық-түлік хабының негізгі инфрақұрылымы - ұлттық тауар өткізу жүйесі болатынын да айта кетті. Қазақстанда ұлттық тауар өткізу жүйесі 24 көтерме-тарату орталықтарынан тұрады. Онда фермерлік өнімдерді сату, сақтау мен қайта өңдеудің барлық кешені бар.

Көтерме-тарту орталықтарды құру арқылы шикізатты сатып алу, өнімді өндіру және өткізу кезінде жеке қосалқы шаруашылықтарды  шоғырландыруға мүмкіндік береді. Бір мезгілде барлық ауыл шаруашылық өндірушілерін кепілді тауар өткізе алады. Соның нәтижесінде кіріс көлемі де біршама өседі, - деді министр.

Сауда министрі аталмыш жобаның тәжірибе жүзінде іске асыру жұмыстарының басталғанын айтып өтті. Тағы 17 көтерме-логистикалық орталықтардың салынуына инвесторлар тарту жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Осы айдың басында министрлікке өтініштер келіп түсті. Өтініштер 7 көтерме-тарату орталықтарының құрылысына мүдделі бизнес-консорциум компаниялар жеке қаржы бастамасын қамтыған. Көтерме-сауда орталықтарының нысандары Павлодар облысының Мичурино ауылы мен Ақсу қаласында, Алматы облысының Қапшағай қаласында, Жамбыл облысының Шу қаласында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларында орналасатын болады, - деді ол.

Бақыт Сұлтанов Женевадағы әріптестерімен кездескенін айтты. Кездесу барысында 275 млн теңгені құрайтын тамақ өнеркәсібі, машина жасау, химия, металлургия және мұнай өнімдері мен құрылыс тауарларын Швейцарияға жеткізе алатынын мәлімдеді.

Десе де, Қазақстанның әзірге экспорттық жағдайы мәз емес. Сауда және интеграция министрінің айтуынша, өкінішке орай, қазіргі таңда елде тұрақты экспорттаушы компаниялардың саны бар болғаны - 445.  Бұл жалпы санының пайызынан  аз.

Негізінен экспорттаушы компаниялар Қазақстанның үш мегаполисінде, атап айтсақ, Алматыда, Нұр-Сұлтанда және Шымкентте орналасқан. Экспортқа бейімі жоқ облыс – Ақтөбе облысы. Бұл өңір өнеркәсіптік болып көрінеді, бірақ төмен бөлініс өнімдеріне шоғырланған, - деді министр.

Президент Жолдауында айтылған Сауда және интеграция министрлігіне тапсырылған тағы бір шара – қазақстандықтың «цифрлық әлеуметтік әмияны». "Цифрлық әмиян" тауар өткізу жүйесінің функционалдық мүмкіндігі болмақ.

«Цифрлық әмиянды» шығарудағы мақсат – мұқтаж азаматтарға төленетін әлеуметтік төлемдер үшін мемлекет қазынасынан бөлінетін ақшаның тиімді жүзеге асуын қадағалау. Сонымен бірге, отандық тауар өндірушілерге жасырын қолдау түрінде оларды «қайтаруды» қадағалау. "Цифрлық әмиян" біздің бизнес жүзеге асыратын әлеуметтік маңызды тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер үшін төлем төлеуге арналған.

Бұл жұмысты біз өзіміздің цифрлық жобаларымыз аясында жүргіземіз. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша жұмыстарды үйлестіру үшін біз Ұлттық банкпен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Цифрлық даму қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, Қаржы министрліктерімен  және қаржы секторының қоғамдық ұйымдарынан өкілдерді шақырып, арнайы топ құрдық. Жұмыс тобы қазір осы мәселені шешумен айналысып жатыр, - деді министр.

Бақыт Сұлтанов баға мониторингінің тұтас жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Ол баға тұрақтылығын реттейтін 4 нақты шараны атады.

 Біріншіден, Dosmart жүйесінің көмегімен өнімдер мен дәрі-дәрмектің бағасы бойынша ақпарат алуға болады. Бұл жүйеде 28 қолданушы тіркелді. Жыл соңына дейін Қазақстанның барлық қалаларына тауарлар каталогын ұлғайту және әртүрлі дүкендердегі белгілі бір тауарға бағаларды салыстыру мүмкіндігі жоспарланып отыр. Пайдаланушыларға ақпаратты ұсынғаны үшін кэшбек беріледі.

 Екіншіден, Қаржы министрлігі, Қазақтелеком, Транстелеком базаларындағы ақпараттарды пайдалана отырып, ортақ интеграциялау жұмысы атқарылды. Сату нүктелеріндегі бақылау-кассалық машиналары арқылы ӘМАТ-ның бағалары көрінеді.

 Үшіншіден, Министрлік Қаржы министрлігімен және Қазақтелекоммен бірлесіп тауарлар мен өнімдердің бірыңғай ұлттық каталогын құру бойынша жұмыс жүргізуде. Мұндағы мақсат деректерді жедел жинау.

 Төртіншіден, Сауда министрлігі электрондық коммерциялық алаңдардағы parsing технологиясы арқылы белгілі бір өнімдер мен тауарлардың нақты уақыттағы бағаларын қадағалай алады.

 Министр цифрландыру және аккредиттеу мен сертификаттау процестерін жетілдіру бойынша баяндады. Оның айтуынша, аккредиттеу мерзімін қысқартуға және сәйкестікті бағалау саласындағы құжаттарды бұрмалау мен қолдан жасауды жоюға мүмкіндік береді.

 Шілде айынан бастап біз өтінім беру, қорытындылар беру, шарттарға қол қою процесін цифрландырдылған е-аккредиттеу электрондық жүйесін іске қостық. Цифрлық форматқа көшу 1 600-ден астам аккредиттеу субъектілерін қосымша құжаттар мен анықтамаларды жинау қажеттілігінен босатуға мүмкіндік береді. Бұл өтініш берушілердің уақыты мен қаражатын үнемдейді, - деді Бақыт Сұлтанов.

ҚР Президентінің Жолдауының биржалық сауданы ретке келтіру туралы тапсырма берілген болатын. Бақыт Сұлтанов журналистерге берген жауабында биржалық тауарлар тізімін кеңейтуді көздеп отырғанын айтты.

 Біз биржаға қатысушылардың санын ұлғайту үшін жеткізу партиясының мөлшерін 600 ден 60 тоннаға дейін төмендетуді қолға алмақпыз. Яғни, шағын және орта өндірушілерге биржа арқылы өз өнімдерін сатуға мүмкіндік береді. Тауар биржалары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс сауда-саттыққа жергілікті және шетелдік қатысушыларды барынша тартуға бағытталатын болады. Бұл көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді және биржалық тауарларға нарықтық баға белгілеуді қамтамасыз етеді, - деді министр.

Карантин басталғаннан бері Қазақстанның интернет саудасында азық-түлік өнімдеріне, кітап пен үй жабдықтарына сұраныс артқан.

 Президент сонымен қатар Қазақстан халқына Жолдауында Шикізаттық емес өндірушілер үшін экспорттық акселерация бағдарламасын іске қосуды тапсырған болатын. Бұл ретті ведомство «PricewaterhouseCoopers халықаралық серіктесімен бірге біз осындай бағдарламаны іске қосыпты. Бақыт Сұлтановтың айтуынша, осы жылы нысаналы нарық ретінде мүмкіндігі жоғары Қытайды таңдаған.

 Акселераторға қатысу үшін ниет білдірген 500 компанияның ішінен ҚХР-ға экспорттауға бағытталған тамақ өнеркәсібінің 35 кәсіпорны іріктелді. Ағымдағы жылдың қараша айына қарай бұл компаниялар тереңдетіп оқытуды аяқтап, қажетті экспорттық құзыреттерге ие болады. Қазақстандық өнімдерді қытайлық сатып алушыларды іздеу және олармен онлайн бизнес - кездесулерді дайындау бойынша жұмыс жүргізілуде. Акселератордың қатысушылары Шанхайдағы 3-ші халықаралық Қытай импорттық тауарлар мен қызметтер көрмесінде өз өнімдерін ұсынады. Бұл өте жақсы алаң. Өткен жылы біз 35 компания апарып, нақты экспорттық келісімшарттар жасай алдық, - деді ол.

Сонымен қатар, Бақыт Сұлтанов журналистерге есеп беру барысында министрліктің жалпы сомасы шамамен 4,7 млрд теңгені құрайтын 186 экспорттаушының өтінімін мақұлдағанын мәлемдеді. 2019 жылы осы мемлекеттік қолдау шарасын жалпы сомасы шамамен 3,9 млрд теңгеге индустриялық-инновациялық қызметтің 139 субъектісі пайдаланды. Шығындардың бір бөлігін қайтару экспорттаушыларға кәсіпорындардың өнеркәсіптік өндірісінің көлемін 9% - ға арттыруға, экспорттық түсім көлемін 30%- ға арттыруға, бюджетке салық аударымдары жартылай өскен. KazakhExport экспорттық сақтандыру компаниясының желісі бойынша 9 айдың ішінде Қазақстанның барлық өңірлерінде 67-ден астам өндіруші - экспорттаушылар қолдау алған. Қабылданған сақтандыру міндеттемелерінің көлемі 54 млрд теңгеден асып, экспорттық түсімнің 150 млрд теңгесін құраған.

Барлық жаңалықтар