• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан демократиялық дамудың жоғары деңгейін көрсетті – итальяндық бақылаушылар

Қазақстан демократиялық дамудың жоғары деңгейін көрсетті – итальяндық бақылаушылар

10 Қаңтар, 2021 15:31

Италиядан келген халықаралық бақылаушылар Италия депутаттар палатасының депутаты, «Бес жұлдыз» қозғалысының мүшесі Руссо Джиовани мен Италия депутаттар Палатасының депутаты Андреа Дельмастро Делле Ведове Қазақстандағы сайлау науқанына жоғары баға берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

 

«Біз Қазақстанға бірінші рет келіп отырмыз. Бүгінгі сайлау дайындығының деңігейі таңқалдырды. Сайлау процессінің пандемия жағдайында дұрыс ұйымдастырылғанын атап өту керек. Жалпы мұндай пандемия кезінде саяси шара, оның ішінде сайлау өткізу өте қиын. Қазақстандағы ұйымдастырушылар бұл істе тиянақты орындаған», - деді Руссо Джиовани.

TEMA7534-01.jpeg
Халықаралық бақылаушылар журналистерге берген есебінде ескертулер мен тәртіп бұзушылық болмағанын атап өтті.

TEMA7530.JPG


«Италия халқы Қазақстан халқы сияқты ашық. Біз мынаны атап өткіміз келеді: Қазақстан демократиялық дамудың өте жоғары деңгейін көрсетті және бізді таңқалдырды. Оны сайлаудағы белсенділіктен байқап отырмыз. Сайлау учаскелеріне барғаннан кейін біз ешқандай ереже бұзу байқамадық. Астана операға бардық. Пандемия жағдайында ұйымдастыру деңгейінің жоғары екенін көрдік. Бәрі бетперде киген», - деді Андреа Дельмастро Делле Ведове.

Барлық жаңалықтар