• Басты
  • Қазақстан ДЭФ рейтингінде 55-орынға ие болды
9 Қазан, 2019 10:54

Қазақстан ДЭФ рейтингінде 55-орынға ие болды


Қазақстан 2018 жылмен салыстырғанда 141 елдің арасынан өз позициясын 4 көрсеткішке арттырып, 55-орынға ие болды.Рейтинг 103 индикатордан (55 статистикалық және 48 сауалнамалық) тұратын 12 фактор бойынша бағаланады.
Қазақстан ДЭФ рейтингінде 55-орынға ие болды | Strategy2050.kz

12 фактордың ішінен Қазақстан 5 фактор бойынша позицияларын жақсартты, 4 фактор бойынша нашарлау байқалды және 3 фактор бойынша позициялар өзгермеді.

 Қазақстанның бәсекелес артықшылықтары келесідей факторлар болып табылады: «Еңбек нарығы» – 25-орын (5 позицияға жақсару) және «Бизнестің қарқындылығы» – 35-орын (2 позицияға жақсару),.

 Мынадай факторлар орташа деңгейде бағаланды: «АКТ енгізу» – 44-орын (өзгеріссіз), «Нарық көлемі» – 45-орын (өзгеріссіз) «Институттар» – 64-орын (3 позицияға нашарлау), «Инфрақұрылым» – 67-орын (2 позицияға жақсару), «Макроэкономикалық тұрақтылық» – 60-орын (2 позицияға жақсару), «Дағдылар» – 57-орын (өзгеріссіз) және «Тауарлар нарығы» – 62-орын (5 позицияға нашарлау).

Келесідей факторлар бойынша Қазақстанның әлсіз позициялары анықталды: «Денсаулық» – 95-орын (2 позицияға жақсару), «Қаржы жүйесі» – 104-орын (4 позицияға нашарлау) және «Инновациялық әлеует» – 95-орын (8 позицияға нашарлау).

Қазақстан келесідей индикаторлар бойынша 1-орынға ие:

-       корпоративтік басқару саласындағы акционерлердің құқықтары;

-       қаржы жүйесінің тұрақтылығы саласындағы кредиттік алшақтық;

-       бизнестің дәрменсіздігі мәселелері жөніндегі нормативтік база.

   Сондай-ақ, электрмен жабдықтау дәрежесі бойынша Қазақстан

2-орынды, бизнесті ашу құны бойынша 7-орынды иеленді.

   2019 жылғы 4.0 ЖБИ рейтингіне 141 ел қатысты. Аталған рейтингте көшбасшы елдердің бестігіне Сингапур (1), АҚШ (2), Гонконг (3), Нидерланды (4) және Швейцария (5) кірді. 

Қазақстан Колумбия (57), Грекия (59), Түркия (61), Үндістан (68) және Аргентина (83) сияқты елдерден озып тұр.

ТМД елдері арасында Ресей көшбасшы болып отыр (43-орын), одан кейін Қазақстан (55), Әзербайжан (58), Армения (69), Грузия (74), Украина (85), Молдова (86), Қырғызстан (96), Тәжікстан (104) орналасқан.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды