• Басты
  • Қазақстан Бішкектегі «Еуразиялық апталық» форумына қатысты
26 Қыркүйек, 2019 10:02

Қазақстан Бішкектегі «Еуразиялық апталық» форумына қатысты

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова Бішкек қаласында жыл сайынғы «Еуразиялық апта» халықаралық форумына қатысып, «Бизнес, ақша, адам: ЕАЭО интеграциясын тереңдету жолдары» панельдік сессиясында баяндамашы ретінде сөз сөйледі, деп хабарлады Strategy2050.kz.

 

Қазақстан Бішкектегі «Еуразиялық апталық» форумына қатысты

Сөз сөйлеу барысында Ж. Кушукова кәсіпкерлердің серіктес елдердің нарықтарына, сондай-ақ ЕАЭО аумағы арқылы елдердің сыртқы нарықтарына еркін қол жеткізуі үшін бизнес-ортаны жақсарту бойынша жұмысты одан әрі жалғастыру қажеттілігін атап өтті.

Сондай-ақ, вице-министр ЕАЭО елдерінде бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау ЕАЭО мүше-мемлекеттердің экономикасын жақсартып қана қоймай, шетелдік инвесторлардың ағынын да арттыратынын атап өтті.

 Сонымен қатар, Ж.  Кушукова ЕАЭО мүше-мемлекеттері Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп, ЕАЭО ішкі нарығының жұмыс істеуіне теріс әсер ететін кедергілерді, шектеулерді және алып тастауларды жою бойынша жұмыстар жүргізілетінін хабарлады (бүгін ЕАЭО аясында 71 сауда кедергілері бар).

Бұдан басқа, вице-министр көптеген секторлардың бірыңғай қызметтер нарығын қалыптастыруды қамтамасыз ету қажеттілігіне назар аударды. Осыған байланысты интеграциялық әлеуеті бар жаңа секторларды айқындау жөніндегі жұмысты жалғастыруды ұсынды.

Бұдан басқа, панельдік сессияда ЕАЭО шеңберінде ҚҚС алу және электрондық саудаға салық салу жүйесін жетілдіру, ЕЭО елдерінде қолайлы бизнес ортаны құруға ықпал ететін кәсіпкерлік қызметті ұлттықтан жоғары және ішкі реттеу сапасы бойынша бірқатар мәселелер талқыланды.

Панельдік сессияға мемлекеттік органдардың және ЕАЭО мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастықтарының өкілдері, сондай-ақ БАҚ қатысты.

Айта кету керек, «Еуразиялық апта» халықаралық форумы - ЕАЭО аясындағы кәсіпкерлер арасындағы тиімді өзара іс-қимылды дамытуға, сондай-ақ үшінші елдермен сауда қатынастарын ынталандыруға бағытталған ең ірі халықаралық іс-шара.

Барлық жаңалықтар