• Басты
  • Қазақстан БАӘ-нің IT саласындағы жетістігін қайталай алады - сарапшы
23 Желтоқсан, 2019 13:31

Қазақстан БАӘ-нің IT саласындағы жетістігін қайталай алады - сарапшы

Халықаралық 3rd IoT Forum Kazakhstan 2019 Форумында Футурист және Intelligencr негізін қалаушы Пол Пападимитриу Қазақстан БАӘ-нің IT саласындағы жетістігін қайталай алатынын айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Қазақстан БАӘ-нің IT саласындағы жетістігін қайталай алады - сарапшы

"Қазақтелеком" АҚ инновациялар бойынша бас директор Нұрлан Мейірманов жыл санап IT саласына деген қызығушылық артып отырғанын айтты.

"Осы тақырыпта ткхнологиялық көшбасшылардың тәжірибесі өте маңызды. Біз дара емес,әріптестерімізбен бірге алға жылжығымыз келеді",-деді ол.

Өз кезегінде "Қазақтелеком" АҚ корпоративтік бизнес дивизионыныңжаңа өнімдерді дамыту бойынша директоры Самат Имбаев форумда жетістіктер мен жүзеге асырылған жобалар туралы баяндалғанын айтты.

"Бүгінгі таңда Қазақстанның ірі қалаларында 35 мың бейнебақылау камераны қостық. Ірі қалаларды сымсыз желімен қамтамасыз еттік. Нұр-сұлтан қаласындағы барлық әлеуметтік мекемелерге бақылау камераларын орнаттық. Осы шешімдерді бөлісуді жөн көрдік",-деді ол.

Футурист және Intelligencr негізін қалаушы Пол Пападимитриу аталмыш конференцияға екінші мәрте қатысып отырғанын айтты.

"Қазақстанда бірнеше мәрте болдым. Жыл санап инфрақұрылымдық жақсарып,көптеген алға жылжу процесі орын алғанын көруге болады. Ұлыбритания Жапония,БАӘ мен АҚШ-пен салыстырғанда аталмыш салада қаншалықты дамығанын білмеймін. Мәселен,БАӘ халқы үшін көптеген жаңашылдықтарды ашты. Сол сияқты жетістіктерге Қазақстан да қол жеткізе алады деп ойлаймын",-деді ол.

Халықаралық 3rd IoT Forum Kazakhstan 2019 форум барысында компания IOT, Smart City, Big Data, бейнебақылау және т.б. жобалар бойынша өз шешімдерін ұсынды

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды