• Басты
  • Қазақстан БҰҰ Даму бағдарламасына сәйкес гендерлік даму деңгейі өте жоғары елдердің қатарында
6 Желтоқсан, 2019 18:18

Қазақстан БҰҰ Даму бағдарламасына сәйкес гендерлік даму деңгейі өте жоғары елдердің қатарында

Қазақстан БҰҰ Даму бағдарламасына сәйкес гендерлік даму деңгейі өте жоғары елдердің қатарына қсылды. Бұл туралы Президент жанындағы әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Ләззат Сүлеймен ұлттық комиссия отырысында айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Қазақстан БҰҰ Даму бағдарламасына сәйкес гендерлік даму деңгейі өте жоғары елдердің қатарында

"Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингінде 2018 жылдың қорытындысында Қазақстан білім саласы бойынша 30-орында, әйелдерге экономикалық қолдау көрсету бойынша 32-орында, денсаулық саласы бойынша 48-орында. Сөйтіп, бүгінгі күні Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасына сәйкес гендерлік даму деңгейі өте жоғары елдердің қатарына қосылып отыр", - деді Ләззәт Сүйлеймен.

Сонымен қатар өз баяндамасында ол әйелдер мен гендерлік саясатқа қатысты биыл қабылданған шараларға тоқталды. 

"БҰҰ-ның әйелдерге қатысты кемсітушіліктердің барлық түрін жою туралы конвенциясы бар, ҚР аталмыш конвенцияны ратификациялады. Биыл бесінші баяндамасын Женева қаласында қорғады. Сол талқылаулардың қорытындысы бойынша Қазақстанда гендерлік мәселе бойынша алға жылжу бар. Сонымен қатар тағы бір маңызды жаңалық мемлекет басшысы Тоқаевтың әйелдер мен балаларға қарсы зорлық-зомбылықа жазаны күшейтуге тапсырма бергенін айтуға болады. Сөйтіп бірнеше депутат, Гүлшара Әбдіқалықова бастаған топ әйелдерге қатысты, гендерлік мәселелерге байланысты заңдарға өзгерістер енгізуді ұсынды", - деді ол. 

Оның айтуынша, әйелдерге қатысты қазіргі қолданыстағы заңдардың кейбірі қазіргі заманның сұранысына жауап бермейді. Сол себепті ұлттық комиссия соңғы екі жылда бірқатар түзетулер енгізіп, өзгертулер ұсынған. 

"Ең алдымен, тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы заң. Оның бұрынғы нұсқасы бүгінгі күннің талаптарына жауап бере алмайды. Сол себепті өзгертулер енгізілді. Неке және отбасы туралы заңға өзгерістер енгізілуде. Қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, ұлттық комиссия екі жыл жұмыс істеді. Бұл заңнамалар қазір мәжіліске ұсынылды. Ұлттық комиссияның жергілікті жерлердегі бөлімшелері көп балалы аналарға қатысты, аза қамтылған отбасындағы аналарға қатысты біқатар мәселелерді шешуге атсалысты", - деді ұлттық комиссия төрайымының орынбасары.

Сонымен қатар ол 2030 жылға арналған отбасылық және гендерлік тұжырымдама бойынша әртүрлі саладағы әйелдердің санын 30 пайызға дейін жеткізу жоспарланғанын атап өтті. 

"Ұлттық комиссия ауыл әйелдерін қолдау бойынша, әкелердің қоғамдағы рөлін арттыру мақсатында бірқатар шара ұйымдастырды. Мәжілісте - 27 пайыз, мәслихаттарда - 22 пайыз әйелдердің өкілдігі бар. Ұлттық комиссияның мақсаты - 2030 жылға арналған отбасылық және гендерлік тұжырымдаманың талаптарына сәйкес барлық шешім қабылдау саласында, корпаротивтік секторда әйелдердің өкілдігін 30 пайызға жеткізу", - деді ол. 

Ал ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша, әйелдер мен балаларға қарсы зорлық-зомбылыққа қолданылатын жаза түрлерін қатайту мәселесі парламентте қызу талқыланып жатыр.

"Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында халық үніне құлақ асатын мемлекет құру міндетін қойды. Осыған байланысты қоғамдық сенім кеңесі құрылды. Бұл процесті жеделдететін құралдардың бірі ретінде Президент жанындағы әйелдер және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, сонымен қатар өңір әкімдерінің жанындағы осындай комиссиялар талапқа сай қызмет атқарады. Бірінші, қоғамдық диалогты дамыту - біздің міндетіміз. Екінші, зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық секілді ауыр қылмыстарға, әсіресе, балаларға қатысты қолданатын жазаны шұғыл түрде қатайту мәселесі бүгінгі күні парламентте қызу талқылануда", - деді ұлттық комиссия төрайымы.

Бұдан басқа ұлттық комиссия отырысында ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Қарағанды облысындағы ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Наталья Сухорукова өңірдегі Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру үшін қабылданған шаралар туралы баяндады.

"Қарағанды облысындағы Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асырудың алғашқы жоспары бойынша жұмыстар биыл аяқталады. Екінші жоспар келер жылдан бастап жүзеге аспақ. Мұнда дамудың 6 индикаторына басымдық берілді. Бірінші мәселе, әйелдердің билікте қызмет істеуі. Қарағанды облысында бұл жолға қойылған. Депутаттық корпустағы әйел адамдардың саны 22,5 пайызды құрайды. Ал облыстағы 51 пайыздан астам әйел адам кәсіпкерлікпен айналысады. Олар жай ғана бизнеспен айналысып жүрген жоқ, олар түрлі жобаларда басшылық, жетекші қызметте істейді. Олар тек өз кәсібімен ғана айналыспайды, сонымен қатар басқа әйелдердерді оқытып, үйретіп, өз білімімен, тәжірибесімен бөлісіп, оларға импульс беріп, үлгі болып жүр", - деді ол.

Сонымен қатар оның айтуынша, облыс бойынша екі балалар үйінің жұмысы тоқтатылған. Себебі ондағы балалар патронаттық тәрбиеге берілген. Сонымен қатар ол жасанды түсік жасату да азайып келетінін атап өтті. мәселен, 2014 жылдан бастап тұрақты түрде төмендеуде.

Бұдан басқа ол өңірдегі әйелдер мен ер адамдардың өмір сүру жасының ұзақтығы, жалақысы секілді мәселелерге тоқталды. Оның айтуы бойынша, әйелдер мен ерлердің өмір сүру ұзақтығы алшақ, нақтырақ айтсақ - 9,2 жас. Ерлермен салыстырғанда әйел адамдар ұзақтау өмір сүреді. Өйткені Қарағанды өңірі өндіріс орындарына толы болғандықтан, ер адамдар кен орындарында, зауыт, фабрикаларда жұмыс істейтінін атап кетті. 

"Әйелдер мен ерлердің жалақысында да алшақтық бар. Әйелдердің орташа жалақысы - 115 мыңды құраса, ерлердікі - 180 мың. Себебі әйел адамдар көбінесе бюджеттік ұйымдарда, денсаулық, білім саласында қызмет атқаратындықтан, жалақысы төмендеу. Ал ер адамдар зауыт, фабрика секілді өндіріс орындарында істейді. Өкінішке орай, статистикаға сүйенсек, биыл әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық көбейген. Бүгінгі күні оның алдын алу мақсатында "Жол картасы" қабылданды. Сонымен қатар әйелдердің өздері де бұл мәселені қолға алуда, болашақта азаяды деген сенімдемін. Ал қуантарлығы, балаларға қарсы зорлық-зомбылық 70 пайызға азайды", - деді  Наталья Сухорукова.

Сонымен қатар ол өңірде қазіргі күні 8 дағдарыс орталығы құрылғанын айтты. Онда нәзікжандыларға психологиялық көмек көрсетіледі. 

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды