- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан қайта өңдеуге жатпайтын қоқыстан энергия өндіретін болды
Қазақстан қайта өңдеуге жатпайтын қоқыстан энергия өндіретін болды
Қазақстан парламентінде қоқыс қалдықтарынан электр энергиясын өндіру мәселесі заң жүзінде қаралды. Бүгін мәжіліс депутаттары қоқыстарды энергетикалық кәдеге жарату мәселелеріне қатысты заң жобасы бірінші оқылымда қабылдады.

Заң тұжырымдамасын қарау барысында тұрмыстық қатты қалдықтарды жағу арқылы оларды кәдеге жарату - қоршаған ортаға теріс әсерін жойып, көмілетін қоқыс көлемін азайтуға мүмкіндік туатыны айтылды. Заң жобасының тұжырымдамасына сәйкес негізгі қолдау тетігі қоқыс жағатын кәсіпорындар.
Қоқысты жағу экологиялық және экономикалық жағымды тұстарына тоқталған мәжіліс депутаты Құралай Қаракен қоқысы екінші рет пайдаға асырук республикадағы полигондардың саны мен алаңын қысқартатынын алға тартты.
«Қайта өңдеуге жатпайтын қалдықтардың бір бөлігі өртеуге келеді. Қазақстанда шамамен 5 миллион тонна қалдық жыл сайын шығып отырады. Тек 15 проценті қайта өңделіп жатыр. Кейбір мемлекеттерде қоқыс жағатын кешендер жұмыс істейтіндіктен, бұл әдіс қалдықтарды көму көлемін азайтудың тиімді тетігі екенін білуге болады», - деді депутат.
Қазақстанда өңдеуден қалған қалдықтарды өртеп, одан энергия алатын технология жоқ. Бүгінде бізде тек қоқысты тек сұрыптап, қайта өңдейтін зауыттар жұмыс істейді.
Алайда қоқыстан энергия алу мақсатында оларды жағатын зауыттардың қоршаған ортаға теріс әсерін азайту үшін зиянды заттарды шектеу, оларды мониторингілеу және бақылау бөлігінде еуропалық стандрттарға сәйкес зауыттарды пайдалануға қойылатын талаптарды белгіленуі керек екені белгілі. Депутаттар бұл мәселені де ескерді. Дегенмен, өртеуге жатпайтын қалдықтар тізбесі бекітілетін болады.
Қоқыс жағатын зауыттар өндіретін электр энергиясын сатып алуға шекті аукциондық бағаны белгілейтін өкілетті орган аукционға қатысуға үміткерлерді алдын ала іріктеу жөніндегі нормаларға сай таңдайды.
Мәжілісмендер жергілікті атқарушы органдарды қоқыс жағатын кәсіпорындарды қалдықтардың қажетті көлемімен қамтамасыз етуге міндеттейтін норманы алып тастауды сұрап, әлеуметтік инфрақұрылымды салу үшін жер учаскелерін бөлуі мәселелерін нақтылауды талап етті.
Айдана Абдрахманова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды»
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді
-
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады
-
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»

