• Басты
  • Қазақстан – аймақтағы ең қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі – сарапшы
17 Қыркүйек, 2019 16:06

Қазақстан – аймақтағы ең қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі – сарапшы

Қазақстанда бәсекеге қабілеттілік жөніндегі жаһандық кеңестер федерациясы бас қосуда. Осы ретте Нұр-Сұлтан қаласындағы жаһандық инновациялық саммитке 16 елден 200-ден астам қатысушы, соның ішінде 50 халықаралық сарапшы жиналып отыр. Бұл осымен оныншы рет әрі Орталық Азиядағы тұңғыш өткізіліп отырған кездесу, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Қазақстан – аймақтағы ең қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі – сарапшы | Strategy2050.kz

Жыл сайын жетекші экономистер, қаржыгерлер, мемлекеттік саясат, инженерлік және нақты ғылымдар өкілдері өзекті мәселелерді талқылайды. Мәселен, бір жыл бұрын Малайзияда басты назар технологияда болса, осы жылы сарапшылар бәсекеге қабілеттілік мәселелерін таңдады.

Форумды аша отырып GFCC президенті Дебора Л.Винс Смит Қазақстанның бәсекеге қабілеттігі туралы айтып өтті.

«Орталық Азия қуатты, жедел дамитын өңірдің орталығында тұр. Сондықтан да, аталған аймақ ірі экономикалық трансформацияға ұшырап отыр. Біз әлемнің әр нүктесінен Қазақстанға құйылатын инвестицияны көріп отырмыз. Қазақстан болашаққа инноватор болып табылады. Әлемдегі кез келген ел сияқты Қазақстан жаңа сынақтар мен мүмкіндіктерге тап болып жатыр.Мемлекет әлеуметтік, технологиялық, экономикалық трансформацияларды шешуі керек. Өзінің әдемі сәулетімен ғана емес, «ақылды қала» болуға ұмтылып жатыр. Нұр-Сұлтан осындай трансформацияның символы болып отыр», - деді Дебора Л.Винс Смит.

Өз кезегінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов Қазақстан ұзақмерзімді тұрақты даму мәселесіне ерекше көңіл бөлетінін айтты.

алихан.jpg

«Бұған маңызды фактор еңбек өнімділігінің артуы, ресурстарды тиімді пайдалану, экспорттың экономикалық күрделілігі болып отыр», - деді Ә.Смайылов.

Сонымен қатар, ол Қазақстан Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтінгінде 28 орынға көтерілгенін айтты.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директоры Елбасы Әсет Исекешев соңғы онжылдықта өмірдің түрлі салаларындағы маңызды өзгерістерді де атап өтті.

Оның айтуынша, жаңа технологиялар кеңінен енгізіліп жатқанымен, жұмыс орындарының қысқаруы да бар, экономикалық бағыттар өзгеруде, байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық кеңеюде, сауда мен әскери қақтығыстар жалғасуда.

Бірқатар дамыған елдерде осы сын-қатерлерге жауап ретінде бизнес, университеттер мен ғалымдар ынтымақтаса отырып бәсекеге қабілеттілік кеңестері жұмыс істейді. Осындай тұрақсыздық жағдайында бұл кеңестердің рөлі маңызды – олар халықтың экономикалық дамуы мен өркендеуін қамтамасыз етеді.

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қорының мақсаты – елдің тұрақты өрлеуіне және бәсекеге қабілетті ұлттың дамуына ықпал ету. Сондықтан, біз, Елбасының  тапсырмасымен бірнеше жобаларды іске асырып жатырмыз. Олардың бірі – елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, тұрақты инклюзивті өсудің әлеуметтік-экономикалық моделі бойынша мемлекетке ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ғылыми жоба. Осылайша, біз Қор ретінде бәсекеге қабілеттілікті арттыру мәселелерімен айналысамыз», - деді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев.

Сонымен қатар, Бәсекеге қабілеттік бойынша Жаһандық Кеңестер Федерациясының атқарушы директоры Роберто Альварез әлемдік қоғамдастық үшін Орталық Азияның даму бағыттарын көру өте маңызды екенін айтты.

«Әлемдік қоғамдастық үшін Орталық Азияның даму бағыттарын көру өте маңызды. Өйткені бұл аймақтың әлеуеті зор. Қазақстан – аймақтағы ең қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі. Қазіргі экономикадағы барлық қолда бар ресурстарды жұмылдыру арқылы ұлттың болашағы мен оның бәсекеге қабілеттілігін құру тиімді. Мен Қазақстан – инновация тұрғысынан қарқынды дамып келе жатқан ел екенін білемін. Келешек ұрпаққа жақсы білім беріп, инвестиция тарту үшін барлық жағдай жасалуда. Мұның бәрі оң өзгерістерге бағытталған», - деді Роберто Альварез.

Саммитке қатысушылар мемлекетте жүргізіліп жатқан реформалар туралы оң пікірлерін білдірді. Сонымен бірге, әлемдегі геосаяси және геоэкономикалық жағдайды ескере отырып, олар бұрын қабылданған бағдарламаларды іске асыруды жалғастыру қажеттігін жеткізді.

Ол Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамы, жаһандық сын-қатерлерге жауап ретінде 30 дамыған елдердің қатарына кіру шаралары.

Осыған орай, Әсет Исекешев шетелдік сарапшыларға Қазақстан тәуелсіздік жылдарында қандай қиындықтар мен кедергілерге тап болғанын айтты.

асет.jpg

«Егемендік алған алғашқы кезеңде мемлекетімізде гиперинфляциямен қатар бюджеттің өткір тапшылығы болғанын, жұмыссыздар саны 2 миллионға жеткенін, 130 қазақстандық кәсіпорын жұмысын тоқтатып, ЖІӨ 61%-ға төмендегенін еске салды.Дегенмен, Елбасы бастаған реформалардың арқасында біз маңызды нәтижелерге қол жеткіздік. ЖІӨ 11 млрд. доллардан 170 млрд. долларға дейін өсті (барлық Орталық Азия елдерінің жиынтық көрсеткіші 60 млрд-қа аз). Елге 300 миллиард доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Елдегі өмір сүру ұзақтығы 72,5 жасқа жетті. Қазақстан посткеңестік кеңістікте алғашқы болып адами капиталды дамыту мен  тарту бойынша «Болашақ» сияқты алғашқы бағдарламаларды жүзеге асырды, оның аясында 10 000-нан астам маман оқытылды », – деп атап өтті Ә.Исекешев.

Айта кетейік, Жаһандық инновациялық саммит – бизнес пен үкімет, ғылыми орта мен азаматтық қоғамдағы жоғары жетекшілердің кездесуіне арналған халықаралық платформа. 2010 жылдан бастап саммит 9 елде өткізілді. Мерейтойлық шара 17-18 қарашада Қазақстанның елордасында өтіп жатыр.

Аягөз Құрмаш 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды