• Басты
  • Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 7,4 пайызға өсті
30 Желтоқсан, 2019 11:53

Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 7,4 пайызға өсті

Биыл 10 айда Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 7,4 пайызға өсті. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 7,4 пайызға өсті

2019 жылдың қаңтар-қазан айларында ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының нақты көлемі 9,8 млн тонна, жалпы соммасы 2 млрд 572,8 млн долларын құрап отыр. Өткен 2018 жылмен салыстырғанда экспорт көлемінің көрсеткіші 7,4 пайызға өскен.

"Экспортталған барлық өнімнің үштен бір бөлігі, яғни 859,2 млн долларын (33,4 %) отандық ауыл шаруашылығы шикізатынан өңделген дайын өнімдер құрап отыр. Осылайша ауыл шаруашылығы саласында қайта өңдеу өнімдерін сату көрсеткіштері өсіп отырғанын көруге болады. Тек, биыл қазан айында елімізден шет елдерге 102 млн долларына дайын өнім сатылған", делінген хабарламада.

Сондай-ақ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауыл шаруашылығы шикізатынан өңделген дайын өнім экспортының ең үлкен үлесі ұн (30% - дан астам) және өсімдік майы (15%) сияқты тауарларға тиесілі. Ең көп сатылатын өнімдер қатарына сүт өнімдері, кондитерлік өнімдер, шоколад, макарон және құс еті кіреді.

Сонымен қатар қазақстандық нарықты отандық өндірістік азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету көрсеткіштері 80 пайызды құрап отырғанын атап өту қажет. Тауарлардың кейбір түрлері бойынша Қазақстан жергілікті өнімдермен 100 пайыз қамтамасыз етілген. Бірақ, алма, балық, шұжық өнімдері, ірімшік және сүзбе, қант және құс еттері сияқты тауар түрлерінен Қазақстан импортқа тәуелді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды