• Басты
  • Қазақстан арқылы Сиань – Прага қатынасында жаңа контейнерлік сервис іске қосылды
21 Қазан, 2019 11:03

Қазақстан арқылы Сиань – Прага қатынасында жаңа контейнерлік сервис іске қосылды


 Алтынкөл қазақстандық шекаралық станция арқылы транзитпен Қытай – Еуропа – Қытай жаңа баламалы бағыт бойынша алғаш рет Сиань (Синьчжу) – Стамбұл (Халкали) – Прага (Чехия) бағыты бойынша контейнерлік пойыз жүріп өтті. 
Қазақстан арқылы Сиань – Прага қатынасында жаңа контейнерлік сервис іске қосылды

 Жаңа сервис «Бір белдеу – Бір жол» бастамасы шеңберіндегі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен Шаньси провинциясы халықтық үкіметі арасындағы қол жеткізілген келісімді жүзеге асыру болып табылады. 

 42 қырықфуттық электроникалы контейнерлерден тұратын пойыз жүретін жолында он елдің аумағын басып өтіп, 8500 шақырым қашықтықты  20 күнде енсереді. Қазақстан аумағы бойынша пойыз 72 сағат жүріп өтті. 

 «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының логистика жөніндегі орынбасары П.Соколов аталған сервисті құрған қатысушы барлық тарапқа алғысын жеткізіп, Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия ТЖ әкімшіліктерінің, сондай-ақ аталған бағыт бойынша пойызды ұйымдастырған қытайлық тараптың, бұл жаңа контейнерлік пойызды іске қосуы стратегиялық ынтымақтастықтың үлгісі болып табылатындығын атап көрсетті.  

 «Біз ары қарай да тасымал бағыттарын кеңейту және көрсетілетін сервис сапасын жақсартуда әріптестерімізбен белсенді жұмыс істейміз. Бұл ҚТЖ қызметінің стратегиялық бағыты болып табылады және Қазақстанның транзиттік әлеуетін пайдалануға бағытталған»,- деді Соколов. 

 Ағымдағы жылдың 9 айында Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКТ) бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ тасымалының өсімі 67% құрады. 

ТХКБ бойынша  «Казмотрансфлот» ҰТКҚ» ЖШС бірлесе Ақтаудан Бакуге және кері бағытта апталық жөнелтіліммен тұрақты фидерлік контейнерлік желіні іске қосу өсімнің маңызды факторы болды.  

Баспасөз қызметі хабарлағандай, сервис Қазақстан экспортшыларына өз өнімдерін Әзірбайжан, Грузия, Түркия, сондай-ақ Қара және Жерорта теңізі порттарына жеткізу үшін аталған бағыт мүмкіндігін пайдалануды қамтамасыз етті.  

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды