• Басты
  • Қазақстан «ғаламшарды толық тазалау» іс-шарасына қосылды
23 Қыркүйек, 2019 15:30

Қазақстан «ғаламшарды толық тазалау» іс-шарасына қосылды

«Ғаламшарды толық тазалау» — ұйымдастырушылар демалыс күндері өткен  Дүниежүзілік тазалық күнін осылай атайды.  Іс-шара 21 қыркүйек күні қатарынан 11 жыл бойы өткізіліп келеді, деп хабарлады Strategy2050.kz.

Қазақстан «ғаламшарды толық тазалау» іс-шарасына қосылды | Strategy2050.kz

2008 жылы эстониялықтар бастаған науқанға биыл Қазақстанды қоса алғанда, шамамен 160 ел қатысуда. Сенбінің таңы атысымен қазақстандық қалалар көшелеріне экологиялық жағдайға немқұрайлы қарамайтын мыңдаған адамдар, сондай-ақ ірі қазақстандық компаниялардың өкілдері шықты.

Мысалы, Алматыда «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС компаниясының 100-ден астам қызметкерлері мен отбасы мүшелері дүниежүзілік  науқанға қатысып, Бутаковка шатқалының аумағын қоқыстан тазалады. Тұрмыстық қалдықтар, құрылыс және басқа да қоқыстар қаптарға жиналып, утилизацияға тасып шығарылды, ал пластик бөтелкелер мен шыны ыдыстар қайта өңдеуге тапсырылды. Нәтижесінде, компания еріктілері Бутаковка шатқалы аумағында бірнеше сағат ішінде қоқыс жинап,  30 Тянь-Шань шыршасын отырғызды. 

«Бутаковка шатқалы Алматы маңындағы адамдар ең жиі баратын табиғи объектілердің бірі болып табылады және бірегей таулы аймақты таза ұстау – бұл әрбір қала тұрғынының міндеті.  «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС компаниясы өндірісте де, зауыттан тыс жерде де қоршаған ортаны қорғауға үлкен көңіл бөледі. Осындай әрбір кішкентай қадам біздің қоқыстан таза ел болу деген мақсатымызға біртабан жақын етеді», - атап өтті Станислав Боровицкий, «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басқарушысы. 

Науқанның негізгі міндеттерінің бірі – жұртшылықтың барынша назарын қоршаған ортаны қалдықтармен ластау мәселесіне, қоқысты бөлек жинау мен қайта өңдеуге, экологиялық өмір салтына, дербес экологиялық ізді азайтуға және тұрақты дамуға аудару.

Биыл науқан 2019 жылдың 20 шілдесінде Қоянды су қоймасында басталған #Birge #TazaQazaqstan республикалық экологиялық қозғалысы аясында өткізілді. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды