• Басты
  • Аймақтарда Мәжіліс депутаттарының сайлаушылармен кездесулері басталды
5 Қаңтар, 2020 14:59

Аймақтарда Мәжіліс депутаттарының сайлаушылармен кездесулері басталды

Бүгін аймақтарда Мәжіліс депутаттарының сайлаушылармен кездесулері басталды. Сапар барысында депутаттар Мемлекет басшысы Қ.-Ж. Тоқаевтың Жолдауын іске асырудағы басым бағыттары туралы баяндайды. 
Аймақтарда Мәжіліс депутаттарының сайлаушылармен кездесулері басталды

Сондай-ақ Мәжілістің заңнамалық жұмыстары туралы хабардар етеді. Депутаттар әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне, атап айтқанда, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың жаңа форматына, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге баса назар аударады. Аймақтардағы жұмысы аясында Мәжіліс депутаттары өндірістік және әлеуметтік нысандарға барып, кәсіпорындардың, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінің еңбек ұжымдарымен кездеседі. 

Сонымен қатар халық қалаулылары жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өткізеді. Депутаттар тек облыс және аудан орталықтарына ғана емес, шалғайдағы елді мекендерге де барады. Жексенбі, 5 қаңтарда Павлодар облысында Мәжіліс депутаттары Айзада Құрманова, Айгүл Нұркина және Александр Суслов Тереңкөл ауданындағы Песчаное ауылының тұрғындарымен кездеседі, ал депутаттар Нұрлан Әшімбетов пен Мейрам Пшембаев «Абай» ЖШС өндірістік цехының ұжымымен кездеседі. Осы күні Нұр-Сұлтан қаласында Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова мен Михаил Чирковтың «Жастар» театрының ұжымымен кездесулері жоспарланған.

 Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің Төрайымы Гүлжан Қарақұсова мен Татьяна Яковлева «Эндохирургия клиникасы» елордалық бастауыш партия ұйымының өкілдерімен кездеседі. Ал депутаттар Светлана Бычкова мен Қанат Мусин Оқушылар сарайының ұжымы және Сапар Ахметов, Павел Казанцев, Жәмилә Нұрманбетова «Астана-Теплотранзит» АҚ еңбек ұжымының тыныс-тіршілігімен танысады. Мәжіліс депутаттарының аймақтарға сапары 14 қаңтарға дейін жалғасады.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды