- Басты
- Жаңалықтар
- «Айбынды ардагерлер» акциясы өтті
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті
Жеңіс күніне орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының әртістері арнайы автобуспен шығып, «Айбынды ардагерлер» акциясын өткізді, деп хабарлады филармонияның баспасөз қызметі.
Ел үшін жанын қиған батырлардың даңқты ерліктері мен майдандағы отпен оқтың ортасындағы күрестерін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Осыған орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен батырларға үлкен құрметпен шексіз алғыс ретінде, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының әртістері арнайы автобуспен шығып, «Айбынды ардагерлер» акциясын өткізді. Іс-шара аясында филармония әртістері қаламыздың көшелері мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері тұратын тұрғын үйлерге барып, әрбір ҰОС ардагері үйінің алдында салтанатты музыкалық құттықтаумен үрлемелі оркестр әскери-патриоттық әндерді орындады. Бұл ардагерлер үшін ғана емес, елорданың барлық тұрғындары үшін ерекше сыйлық болды.
«Тек қан майданда ғана емес, тылда жұмыс істеп, ашаршылықты, ауыртпашылықты бастан кешіп, таңның атысынан күннің батысына дейін тізе бүкпей жұмыс істеген сол бір қайратты да қайсар жандарға көпшіліктің, анығырақ айтқанда, бүгінгі ұрпақтың ризашылығы шексіз», – деп Елбасы да өзінің құрметін көрсетті.
Отан үшін от кешкен майдангерлердің көрсеткен өшпес ерлігін, қаһармандық өнегесін жас ұрпақ бойында қалыптастыру ең басты мақсатқа айналып, ерлікке – мәңгі тағзым жасаумыз қажет.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
СOVID-19: Елорда «қызыл» аймақта тұр -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары