- Басты
- Жаңалықтар
- Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады
Петропавл қаласының әуежайында жеке мәліметтерді растау үшін «e-Gov Mobile» қосымшасы арқылы цифрлық жеке куәлікті қолдану мүмкіндігі пайда болды. Бұған дейін мұндай қызмет Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Ақтау, Атырау және Тараз қалаларында іске қосылған болатын.

Әуежайда цифрлық жеке куәлікті пайдалану үшін eGov mobile жүйесінде авторланған азамат «Цифрлық құжаттар» сервисіне кіріп, тізімнен өзінің жеке куәлігін таңдауы тиіс. Әуежайдағы тіркеу орнында, сондай-ақ ұшу алдындағы тексеруден өту кезінде смартфон экранынан сервистегі QR-кодты көрсету керек.
"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Цифрлық жеке куәлікті ел ішіндегі рейстерде пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ, Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары мен әуежайлары және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жүйелерін интеграциялау бойынша бірлесе жұмыс атқарды", делінген хабарламада.
Цифрлық құжаттар сервисі пилоттық тәртіпте іске қосылды және бұл мүмкіндік әзірше Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Ақтау, Атырау, Тараз және Петропавл қалаларының арасындағы рейстерде ғана қолжетімді. Пилоттық жоба болғандықтан, бұл сервисті қолдануды жоспарлаған жолаушылар өзімен бірге жеке куәлігінің түпнұсқасын да алғаны жөн.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады
-
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады
-
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі
-
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда
-
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар
-
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар
-
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді
-
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты
-
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады
-
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды
-
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады
-
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды

