• Басты
  • Ауылдарды көтеру –экономикалық саясаттың басым бағыты – С.Рахимбекова
2 Қазан, 2019 16:34

Ауылдарды көтеру –экономикалық саясаттың басым бағыты – С.Рахимбекова

«Жасыл экономика және «G-Global» дамуы үшін коалициясы» ЗТБ басқармасының төрағасы Салтанат Рахимбекова Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың   «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»  Жолдауында  ауылдардың әл-ауқатын жақсартуға ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.
Ауылдарды көтеру –экономикалық саясаттың  басым бағыты – С.Рахимбекова
««Ауылдарды көтеру – Қазақстанның экономикалық саясатының басым бағыты. Қазақстандық ауылдардың басты проблемасы – ауыл тұрғындары табысының төмендігі. Осылай ауыл әйелдерінің басын қосу өте маңызды. Оның ішінде ауыл әкімдері, мектеп директорлары мен шаруа қожалықтарының басшылары бар. Олар бір-бірімен тәжірибе алмаса алады», - деді С.Рахимбекова.

Сондай-ақ, оның айтуынша,  қазіргі таңда еліміздің жаңа бағыты қалыптасып жатқанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасы мен Жолдаудағы  жаңа бастамалармен Үшінші жаңғыртуды толықтыру бағытында біздің күш-жігеріміз екі есе артады.

«Жаңа экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін құру бұған ықпал етеді, өйткені енді экологтар орман, су ресурстары және кәсіптік биоәртүрлілік экожүйелік басқару жұмыстарына кең мүмкіндік алды. Жаһандық экологиялық және климаттық дағдарыс жағдайында қоршаған орта мен табиғат байлығын сақтау күрделі мәселе, жасыл экономикасыз, агросаланы экологияландырусыз ауылы ешқашан көтерілмейді, күн көрісі төмендейді», - деді ол. 

Сонымен қатар, С.Рахимбекова атап өткендей, қазіргі ауыл тек өмір сүруге ғана емес, сонымен қатар этникалық және мәдени дәстүрлерді сақтауға, салауатты өмір салтын, экологиялық жайлылықты қамтамасыз етуге көмектеседі.

«Бұған заманауи жасыл технологиялар, экожүйелерді қалпына келтірудің жаңа тәсілдері, автономды және жаңартылатын энергия көздерін дамыту, 5G ақпараттық технологиялары, көліктің жаңа түрлері көмектеседі. Ауыл тұрғындары, әрине, табиғатқа жақын, қалалықтарға қарағанда, оларды сақтау және көбейту тәсілдерімен қаруландыру қажет», - деді ол.

«Жасыл экономика және «G-Global» дамуы үшін коалициясы» ЗТБ басқармасының төрағасы атап өткендей, ел басшылығы ауыл шаруашылығы мамандарын даярлауға аса көңіл бөлі керек.

«Ел басшылығы бірнеше рет атап өткендей,  ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау, фермерлерді оқыту үшін білім беру жүйесі әлемдік инновациялардан айтарлықтай артта қалып отыр. Оқу аудиториясында немесе ауыл шаруашылық тәжірибесін игеріп қана емес, өз ісінің үздік шеберлерінен де оқу керек. Статистика бойынша қазіргі уақытта ауылдық жерлерде шамамен 7,7 млн. адам немесе елдің барлық санының 45,1% тұрады. Олардың негізгі бөлігі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына жатады, жеке қосалқы шаруашылық жүргізеді. Олардың үлесіне ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 50 пайызы тиесілі. ЖҚШ ауыл өмір салтының ажырамас бөлігіне айналды және ауыл тұрғындарының көпшілігі үшін олар шын мәнінде табыс табуудың жалғыз көзі. Алайда, ЖҚШ кірістілігі дайындамалардың әділ жүйесінің жоқтығынан төмендеп қалған. Ел алдында ауыл халқының табыс деңгейін арттыру міндеті тұр.Оның шешімін біз өз жеке қосалқы шаруашылықтарынан және олардың кооперацияларынан барынша табыс алу үшін ауылдық өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға жағдай жасауда көреміз. ЖҚШ өздерінің толық дербестігін сақтай отырып, ауылдық өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, ал дәлірек айтқанда ауылдық жұмыссыздар сервистік-өткізу кооперативтерін құра алар еді. Кооперативтер, өз кезегінде, ЖҚШ атынан өнімдерді өткізуді, ЖҚШға сервистік қызмет көрсетуді - жемшөп дайындау, ветеринария, агрохимия, аз механикаландыру, тұқым жеткізу және т.б. ұйымдастыра алар еді», - деді ол.

Сонымен қатар, С.Рахимбекова Қ.Тоқаев өз Жолдауында  Елбасының  «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасын жалғастыру қажет екенін атап өткенін жеткізді.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы қазан айындағы Қазақстан халқына Жолдауында «Ауыл - ел бесігі» арнайы жобасын іске асыруды ұсынды. Осы арнайы жобаны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында жалғастыру қажеттігін айтты. Біз, жасыл экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы, Қазақстанның жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасының қоғамдық провайдері Елбасының осы бастамасын қоғамдық қолдауды ұйымдастыру бастамасын қолдауды өзімізге алдық. «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасының шеңберінде біз біріншіден, ауыл тұрғындарын шаруашылық жүргізудің нақты тәжірибелік дағдыларына, ауыл еңбегінің өнімділігін арттыруға оқытуды ұйымдастыруды; екіншіден, өз ісін ашу үшін ауылдық жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жаппай шағын несиелендіруді дамытуды; үшіншіден, өсіру және өткізу, сервистік қызмет көрсету және шағын несиелендіру мәселелерін шешу үшін жеке қосалқы және ұсақ шаруа қожалықтарының кооперациясын дамытуды ұсынамыз», - деді ол.

Сонымен қатар, С.Рахимбекова ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту үшін бірқатар жобалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды