• Басты
  • Ауылда кәсіп ашудың нәсібі қандай
17 Қазан, 2019 16:18

Ауылда кәсіп ашудың нәсібі қандай

Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов облыстық Ауыл әуелдері форумында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының қарарына сәйкес 15-қазан «Халықаралық ауыл әйелдері күні» деп бекітілгенін жеткізді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Ауылда кәсіп ашудың нәсібі қандай
«Өздеріңізге белгілі, Елбасынның бастамасымен «Ауыл – ел бесігі» жобасы іске асырылуда. Иә, қашан да халқымыз үшін ауыл – ұлт руханиятының қайнар көзі, берекеміздің бастауы екені рас. Ауыл әйелі жайлы айтқанда, көз алдымызға күбіде айранын пісіп, шоққа таба нанын көміп, сиырын сауып, құрт-майын шайқап отырған аналарымыз елестері анық. Дегенмен, қазіргі дамыған заманда ауыл әйелінің әлеуметтік жағдайы да, көзқарасы да өзгерді», - деді Қ.Ысқақов.
 салта.jpg

 Сонымен қатар, облыс әкімі ер азаматтармен бірге атқа қонып, ел намысын қорғаған ардақты аналарымыз аз болмағанын да атап өтті.

 «Олардың есімін бүгінгі күні ерекше қадір-құрметпен еске аламыз. Ел ішіндегі батырлық пен батылдықтың, ақыл мен парасаттың, ынтымақ пен ауызбіршіліктің ұйытқысы бола білген Тұмар мен Зарина ханшайымдар, Ұмай ана, Бегім ана, Домалақ ана, Айша бибі, Зере мен Ұлжан аналарымыз, Әлия мен Мәншүк, Хиуаз Доспанова апаларымыз сияқты қазақ қызының қайраткерлігінің дәлелі, біздің ұлттық мақтаныштарымыз», - деді ол.

Сондай-ақ, ол сындарлы шақта елдің тыныштығын ойлап, Елбасының бастамасымен қолға алған реформаларды жүзеге асыруға да белсене араласып, еліміздегі бейбіт тірліктің, мызғымас бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы бола алатынын айтты. 

«Қазіргі таңда жалпы облыс тұрғындарының 47,8 пайызы әйелдер (379,9 мың) болса, оның 54,7 пайызы ауылдық жерлерде тұрады.Әйелдер қазір барлық маңызды салаларда жұмыс істейді. Статистикаға жүгінсек, бүгінгі таңда барлық педагогтардың 73 пайызы, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің 87 пайызы әйелдер болып табылады. Барлық бюджеттік сала қызметкерлерінің 65 пайызы әйелдердің үлесінде. Мемлекеттік басқарудың барлық жүйесі көп жағдайда олардың кәсібилігінің арқасында жұмыс істеп тұр», - ол.

 Сонымен қатар, ол мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 35,4 пайыз. Саясатта да әйелдердің тұлғасы биіктей түскенін айтты.

«Бұған дейін облыста түрлі деңгейдегі депутаттардың  9 пайызын әйелдер құраған болса, соңғы кезектен тыс өткізілген сайлауда депутат әйелдердің саны 21 пайызды құрап отыр. Соңғы кезде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда ауылдық жерлердегі әйелдердің үлесі басымдық танытып келеді. Бүгінгі таңда өңірдегі кәсіпкер әйелдердің 48,3 пайызы ауылдық жерде өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр», - деді ол.

Сондай-ақ, ауылдық жерлерде ірі өндіріс орындарын дамыту мүмкін емес.

«Ал жаңа жұмыс орындарының басым бөлігі осы шағын және орта бизнеспен қамтамасыз етіледі.Биылғы жылы жалпы бюджеті 34 млрд. теңгені құрайтын арнайы «Жол картасы» бекітілді. Оның ішінде, 5 млрд. теңге мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржылай емес қолдауға, қайтарымсыз гранттар беруге және шағын несиелермен қамтамасыз етуге бағытталуда», - деді ол.

Форумға қатысқандардың ішінде 1964 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған кентінде дүниеге Асемкул Ермаханова бар.

прол.jpg

 «Ұлтым - қазақ. Мен үлкен бір әулеттің абыройлы анасымын. Күміс алқа иегерімін. Ұл-қыздарым тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеп, барлығы бір-бір отау иесі. Қазіргі таңда 33 немеренің әжесімін. 1983-1989 жылдар аралыгында «Красная звезда» совхозында ауылдық мәдениет уйінде методист қызметін атқардым.1990-2010 жыл аралығында «Құмсуат» шаруа қожалығында жұмысшы да болдым, мен ұл-қыздарымның несібесі деп жеке кәсіппен айналыса бастадым мемлекет тарапынан ақшалай көмек сұрамай жолдасым демеу беріп сол кісінің арқасында 2011 жылы «Балапан» бағдарламасымен жеке балабақшалар ашып кәсібімді дамыта отырып ауылдан және ауданнан балабақша ашып өз жұмысымды жүргізе бастадым. Қазіргі таңда 16 адамды жұмыспен қамтып отырмын. Оның ішінде 4 көпбалалы ана, 1 жалғыс басты ана, 9 әйел, 2 екі ер кісілер», - деді А.Ермаханова.

Сонымен қатар, ол 2018 жылы Мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында Суттіқұдык елді мекенінде 280 балаларға арналган спорт кешенін аштым.

«16 адамды жұмыспен қамтып отырмын. Оның ішінде 6 әйел кісі, 1 көп балалы ана, 10 ер кісілер құрайды. Алға қойған мақсаттарым өте көп: жұмысымды адал жолмен жургізіп, келешекте білікті, білімді, өнерлі, ұлт қамын ойлайтын балаларды тәрбиелеп, саналы ұрпақ өсіріп жеткізу. Жастар жылында жастарға үлкен сеніммен қараймын мен жастарға сенемін», - деді ол.

 Сонымен қатар, Жалағаш ауданы, қазіргі М.Шәменов ауылынан келген «Алтын алқа» иегері, 8 баланың анасы Шолпан Қалиева кәсіпкерлік саласын дамыту бағытында елімізде түрлі мемлекеттік бағдарламалардың қолға алынуы аймақтағы кәсіпорындар қатарын арттыруға да үлкен сеп болды.

 «Бұл өз кезегінде жұмыссыздық мәселесіне де тосқауыл болып отыр. Әсіресе, соңғы 5-6 жылда аталған салаға жасалып жатқан қолдау Сыр елінде серпін алғанын білеміз. Олардың ертеңгі күні өз жұмысын алып кетуін қамтамасыз ету мақсатында тәжірибе шыңдауға да, қаржылай да қолдау мемлекет тарапынан көрсетіліп жатыр. Үлкен демеу барда неге іс бастамасқа» деген ой келді. Осылайша 2001 жылы мен де кәсіпкерлік саласын дамытуға ден қоюды жөн көрдім. Біздің өңір аграрлық аймақ болғандықтан егін және мал шаруашылығын дамытуға тиімді. Осы ретте 2001 жылы өз кәсібімді мал шаруашылығы бағытында бастап, кейін мемлекеттік бағдарламалардың көмегіне жүгіндім. 2015 жылы «Құлан» бағдарламасымен 10 млн теңге несие алып, тиісті қаражатқа 36 бас жылқы сатып алдым. Қазіргі таңда шаруашылықтың шаруасы ширап, мал басы да артып келеді. Мұның бәрі үлкен қолдаудың жемісі деп білемін», - деді ол.

Сонымен қатар,   ол бұл кәсіп өз кезегінде бір жағынан табысқа жетуге алып келсе, келесі кезекте өскелең ұрпақты еңбек етуге баулып жатқанын айтты.

 «Мәңгілік елдің болашағы бүгінгі жастар екенін ескерсек, оларға әрқайсымыз осындай бір із қалдырып кетуге тиіспіз деп есептеймін», - деді ол.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды