• Басты
  • Ауыл тұрғындарын қолдау мақсатында бірқатар әлеуметтік жоба іске қосылады
5 Наурыз, 2020 16:05

Ауыл тұрғындарын қолдау мақсатында бірқатар әлеуметтік жоба іске қосылады

Елімізде ауыл тұрғындарын қолдау мақсатында бірқатар әлеуметтік жоба іске қосылады. Бұл туралы ауылды дамытуға және ауыл әйелдерін қолдауға бағытталған іс-шаралар циклінің басталуына арналған баспасөз мәжілісінде белгілі болды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Ауыл тұрғындарын қолдау мақсатында бірқатар әлеуметтік жоба іске қосылады

Жиынға қатысқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ауыл әйелдері форумын ұйымдастыру комитетінің төрайымы Майра Айсина ауылды дамыту, ауыл әйелдерінің әлеуетін арттырып, әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында қолға алынған шараларға тоқталып өтті. 

"Осыдан 7 жыл бұрын Нұр-Отан партиясының бастамасымен бір жобаны қолға алған едік. Ол жоба ауыл әйелдерін қолдау, ауылдағы нәзік жандылардың потенциалын арттыру, ауылды дамытуға бағытталған. Осы жеті жыл бойына бізге "The Coca-Cola Foundation" компаниясы көмектесіп келеді. Бүгінгі таңда "Ауыл - ел бесігі" деген бағдарлама жүріп жатыр. Былтырдан бастап үкімет бері қарап, ауыл әйелдеріне бизнес бастау үшін 550 мыңнан бөліп отыр. Біздің еліміздің дамуына әйелдердің үлесі зор. Сол себепті біз ауыл әйелдерінің потенциалын пайдалануымыз керек. "Әр әйелге іс, елімізге - табыс" деген ұранымызда осыған саяды", - деді ол. 

Оның айтуынша, республика бойынша өткізіліп жатқан форумдардың басты мақсаты - ауылдағы әйелдерді бизнес жасауға ынталандырып, жеке кәсібін ашуға көмектесіп, үйрету. Оның сөзінше, қазіргі таңда 15 мыңдай әйел семинар-тренингтерге қатысуда. Сонымен қатар ол биыл да республикалық форум өтетінін айтып өтті.

"Біз екі жылдан бері республикалық деңгейде форум өткізіп жатырмыз. Былтыр жергілікті әкімдердің қолдауымен облыстық деңгейде де форумдар өтті. Бұл форумдар не үшін өткізіледі? Кейде біздің айтқандарымызды адамдар тез қабылдай қоймайды. Ал өздері сияқты әйелдер жетістіктерін айтып, басқаларымен бөлісер болса, бұл оларға жақсы әсер етеді. "Оның қолынан келді, менің де қолымнан келеді" деп талпынады. Осы орайда біз 300-ге жуық семинар-тренинг өткіздік ауылдарда. Қазргі таңда 15 мыңдай әйел белсенді түрде қатысуда. 61 әйел адам өз ісін ашып, дөңгелетіп жүр. Биыл облыстық форумдар мен Қазақстанның ауыл әйелдерінің ІІІ республикалық форумын өтеді", - деді Майра Айсина.

Сонымен бірге "Жасыл экономиканы" және G-Global-ды дамыту коалициясы ЗТБ басқарма төрағасы Салтанат Рахымбекова ауыл шаруышылығын дамыту мақсатында "Ел өнімі" жобасының іске қосылатынын хабарлады.

"Биыл көктемнен бастап Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен тығыз байланыста жұмыс істеуді бастадық. Экологиялық таза және табиғи өнімдерді жергілікті нарықтарға және шетелге жылжыту үшін бір немесе бірнеше агроөнімдерді өсіру мен өндіруді, олардың кооперациясын ынталандыруға бағытталған "Ел өнімі" жобасын іске қосудамыз. "Coca-Cola Белестері" бұл ұлттық жобанының үйлестіру жұмыстарын жүргізуді қолға алды", - деді ол.

Сонымен қатар оның сөзінше ауыл шаруашылық салаларын дамытумен айналысам деген азаматтарға білім беру мақсатында онлайн-мектеп іске қосылмақ. Онда 4 модуль бойынша сабақ өтеді.

"Фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылықтардың иелерін қолдауға бағытталған "Жеке қосалқы шаруашылықтар" білім беру онлайн-мектебін іске қосу. Қазіргі кезде 4 оқу бағдарламасы ұсынылуда. Оның ішінде жылыжайда көкөніс өсіру, саңырауқұлақ өсіру, үй құстарын өсіру және ара шаруашылығы бар. Бірінші модульда видеолар, екіншісінде қысқа-қысқа лекциялар, ал үшіншісінде инфографика түрінде және соңғысы тапсырмалар негізінде жасалған. Әр модульге өту үшін міндетті түрде тапсырмалар орындалу керек. Бұл осы салалард игерем деген азаматтар үшін үлкен көмек. Ауыл шаруышылығын дамытып отырған сарапшыларды, белгілі бизнес-тренерлерді шақырып отырмыз", - деді Салтанат Рахимбекова.

Ал "The Coca-Cola Foundation" халықаралық қайырымдылық қорының өкілі Александра Аккирман қордың жұмысына тоқталып, Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытуға деген сұраныс қай аймақтарда көп болғанын атап өтті.

"Біздің қайырымдылық қорымыз 33 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында әлем бойынша түрлі қайырымдылық шараларын жүзеге асыру үшін 1 млрд доллардан артық қаржы бөлді. Қазақстанда "Coca-Cola Белестері" жобасы 8 жылдан бері іске асып келеді. Ол халық көп шоғырланған аймақтарда, атап айтқанда Алматы, Ақмола және Қарағанды облыстарында жүзеге асты. Бұл аймақтарда әйелдерге қатысты кәсіпкерлікті дамытуға сұраныс көп болды. Өткен жылы біз жобаны ұлттық деңгейде өткізуді қолға алдық. Осы орайда форумдар өткізілді. Жергілікті әкімдіктердің қатысуымен республиканың 14 аймағында өтті", - деді ол.

Сонымен қатар оның айтуынша, ауыл әйелдерінің бизнесін дамытуға арналған жобалар биыл да жалғасын табады. Олар Ақмола, Алматы, Қарағанды және Қостанай облыстарында тұратын 2 мың жұмыссыз әйелді оқытуға бағытталған.

"Осы форумдар аясында 4 мыңға жуық әйел бизнеске қатысты семинар-тренингтерге қатысты. Шағын бизнесті дамыту үшін өз кәсібін дамытуға 10 әйел 4 мың доллар көлемінде грант ұтып алды. Биыл да ауылдағы әйелдерге арналған жобалар жалғасын табады. Атап айтсақ, Ақмола, Алматы, Қарағанды және Қостанай облыстарында тұратын 2 мың жұмыссыз әйелді оқытуға бағытталған "Coca-Cola Белестері-2020" әлеуметтік жобасы іске асырылады. Жоба аясында сәуір айынан тамыз айына дейін ауыл әйелдері "Coca-Cola Белестері" байқауына одан әрі ұсыну үшін өздерінің бизнес-кейстерін әзірлеумен айналысады", - деді Александра Аккирман.

Бұдан басқа ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Ерболат Әбілхатин мемлекет тарапынан жасалып жатқан жобаларға тоқталды. Оның сөзінше, биыл көп балалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға микрокредит беру механимздеріне өзгеріс енгізілген.

"Мемлекет тарапынан әйелдердің кәсіпкерлік саласын дамытуға қолдау көрсетіліп келеді. Өткен жылы мемлекеттік "Еңбек" бағдарламасына 660 000 адам қатысты. Оның 43 пайызы немесе 260 мыңы әйелдер. Бағдарламаның басты мехнизмінің бірі - азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау. 2019 жылы "Кәсіпкерліктің негізі" атты курсы бойынша 75 мың адам оқытылды. Ал 18 мың адам мини гранттарға ие болды. Биыл Тоқаевтың тапсырмасы бойынша көп балалы әйелдер мен аз қамтылған отбасылар үшін микрокредит алу механизмдері қайта қаралды. Осы орайда оларға 4 пайызбен 7 жылға дейін микрокредит берілетін болады. Бизнес жасау үшін берілетін кредиттің көлемі 20 млн-ға дейін барады", - деді ол.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды