• Басты
  • Ауыл шаруашылығы министрлігі студенттерге білім гранттарын бөлетін болады
5 Желтоқсан, 2019 09:23

Ауыл шаруашылығы министрлігі студенттерге білім гранттарын бөлетін болады

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша білім беру гранттарының көлемін анықтау жөніндегі функциялары Ауыл шаруашылығы министрлігіне беріледі.
Ауыл шаруашылығы министрлігі студенттерге  білім гранттарын бөлетін болады

Бұл өзгерістер 2019 жылғы 28 қазанда Мемлекет басшысы қол қойған   «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Қабылданған заң аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырыстарының көлемін анықтау, оларды бөлу мен орналастыру  бағытындағы құзіреттері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне беріледі.

Қабылданған бұл өзгерістер саладағы мамандарды дайындауда мемлекеттік тапсырысты нақты қалыптастыруға, қаржыландыру көлемін дұрыс анықтауға, сапалы кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарын әділетті түрде іріктеуді жүргізуге және мамандықтар бойынша гранттарды дұрыс бөлуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

Жоғарыда аталған Заңның білім беру гранттарына қатысты өзгерістер мен түзетулер енгізілген нормалары 2020 жылғы 6 қаңтардан бастап өз күшіне енеді. 

Естеріңізге сала кетсек, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заңы еліміздегі агроөнеркәсіптік кешен саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында қабылданған. Онда Қазақстан Республикасының 13 кодексі мен 29 заңына 800-ден аса түзетулер енгізу қарастырылған. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды