• Басты
  • «Ауыл» партиясы шаруа қожалықтарына кооперативтердің пайдасын түсіндірді
20 Қазан, 2020 19:37

«Ауыл» партиясы шаруа қожалықтарына кооперативтердің пайдасын түсіндірді

Қазақстанда кооперацияларды дамыту туралы мәселенің өзектлігін «Ауыл» халықтық демократиялық партиясының кезекті кеңесі өтті. Бұл жиын ауыл фермерлері мен шағын шаруа қожалықтарының иелері үшін пайдалы болды. Онлайн жиында көтерілген тақырып Strategy2050.kz тілшісі дайындаған материалда.


«Ауыл» партиясы шаруа қожалықтарына кооперативтердің пайдасын түсіндірді

«Ауыл» партиясы өкілдерінің ресми мәліметі бойынша Қазақстан халқының 43 пайызы ауылдарда өмір сүретін. Бұл шамамен 8 млн адам. Бұл жалпы халықтың жарты бөлігі екенін ескерсек, ауы тұрғындары айналасатын ауыл шаруашылығы Қазақстанның экономикалық саланың тұтас бөлшегі, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық сала, өмір салты. Ауылдағы шаруалардың жақсы табыс табуына көмектесетін, ауыл өмірін жақсартатын кооперативтердің мүмкіндіктері жоғары. Сондықтан кооперативтердің жұмыс істеуіне жол ашу керек деп есептейді кеңеске қатысушылар.

Отандық агроөнеркәсіптік кешенінде 17 мыңға жуық заңды тұлға бар. Сонымен қатар 200 мыңнан астам шаруа қожалықтары және 1,7 млн жеке қосалқы шаруашылық та агроөнеркәсіп кешеніне кіреді. Шаруа қожалықтары өнімнің жартысынан көбін өндіреді: мал шаруашылығында – 72%, көкөніс шаруашылығында – 90%, сүт өндірісінде – 80% өнім өнідіреді. Осындай өнімділігіне қарамастан мемлекет жеке шаруа қожалықтарына қолдауды көп қарастырмаған.

 «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Төлеутай Рахымбековтің айтуынша, фермерлер мен жеке шаруа қожалықтарына кооперацияны құру мен дамыту біздің елді әлі дами қоймаған.

Қазіргі таңда кооперация құру өзекті болып тұр. Ол әлемдік тәжірибе. Әлемнің дамыған мемлекеттерінде ауыл шаруашылығын кооперациялар арқылы дамытады. Мәселен, Израиль мен Жапония елдерінде ірі және шаруа қожалықтары кооперативтерде жұмыс істейді. Бұл табыстың өсуіне, ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға септігін тигізеді. Қазақстанда қосалқы шаруашылықтардың проблемасы таусылмай келеді. Ауыл шаруашылығының дамуына серпіліс беру үшін оларды артықшылыққа айналдыруға тырысып жүрміз. Егер «Агробизнес-2020» бағдарламасы ірі бизнесті қамтыса, біз шағын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау жолдарын қарастырамыз, - деді Т. Рахымбеков.

Төраға орынбасарының айтуынша, бүгінгі күнде Кооперацияның басты міндеті ауыл шаруашылығымен айналысатын ірі және шағын шаруа қожалықтарына ауылшаруашылық өнімдерін өніруде көмек көрсету.

Яғни ауылдағы шағын қожалықтар, жеке кәсіпкерлер, ЖШС-тер ет, сүт, жұмыртқа, көкеніс тағы басқа өнім түрлерін өндіреді, бірақ дайын өнімді сату мен өткізуге келгенде қиындықтар туындайды. Осындай қиындықтарды шешуде кооперацияның көмегі орасан. Мәселен, қожалық өнім өндірумен айналысады, ал оны өткізумен, сауда орындарына жеткізумен, сатумен кооперация айналысады, - деді Төлеутай Рахымбеков.

Кооперациялардың артықшығы - ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, ал қала тұрғындарының экологиялық таза өнім тұтынуларына мүмкіндік жасайды. Келесі қадам – қазіргі таңда бизнеске айналған малға қыстық азық дайындау. Бір тонна шөптің өзіндік құны – 7-8 мың теңге, шабындық барысында ол 20 мың, күзде – 30 мың, қыста – 40 мың теңге, ал қыс қатты жылдары 50 мың теңгеге дейін жетеді. Шаруалар малды сақтау мен өсіру үшін шөп алу үшін шығынға батады.

Әр шаруа қожалығы өзінің малына, техникасына, қаржысына иелік ете береді. А кооперация шаруа қожалықтарының өзге шығындарын реттейді. Ол: өнімді өткізу, жем-шөп дайындау немесе сатып алу, жанар-жағармай сатып алу. Мәселен, жанар-жағармайды әр қожалық 1-2 тонналап жеке-жеке бөлшектік бағамен сатып алғаннан көрі, бәрі бір кооперацияға бірігіп көтерме бағамен сатып алған арзан әрі тиімді. Сол сияқты тұқымды, пестицидтерді, шағын техникаларды тағы басқа өндіріске керек заттарды алуға септігін тигізеді.

Қазіргі күні шағын шаруашылық иелері екінші деңгейлі банктерден несие ала алмайды. Несие алу үшін лайықты кепілзаттың қою талап етіледі. Несие берілсе де жоғары пайыздық мөлшерлемемен беріледі. Яғни несие сомасын бірнеше есе етіп қайтаруға мәжбүр. Бұл да шаруа қожалықтары үшін қиындықтың бір түрі. Осындай кезде кооперативтер көмектесе алады. Мысалы, кооперация құрамындағы үлкен шаруалар артылған қаржысын кооперацияға пайыздық өсіммен береді, ал кооперацияның шағын шаруаларға төмен пайызпен кредит беру мүмкіндігі туады.

Барлық жаңалықтар
69.171.249.36, 192.168.88.100