• Басты
  • «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Парламент сайлауына қатысады

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Парламент сайлауына қатысады

26 Қазан, 2020 17:00

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы саяси кеңесінің отырысында партия басшылығы келер жылдың 10 қаңтарында өтетін ҚР Парламенті Мәжілісі мен Мәслихат депутаттарының сайлауына қатысатынын мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


Партия отырысының басты тақырыбы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда 10 қаңтар күні ҚР Парламенті мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы өтетіні туралы жарлығына сәйкес, осы саяси науқанда бой көрсету болды.

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаевтың айтуынша, партия мүшелері бұл сайлауға қатысуға толық құқылы.

Парламент сайауларының әрқайсысы – біз үшін маңызды саяси оқиға. Бұл кезекті сайлау да сондай маңыздылыққа ие. Біз Қазақстанда жұмыс істеп келе жатқан саяси партияның бірі ретінде сайлауға қатысатынымызды мәлімдейміз. «Ауыл» партиясын құрғанымызға жиырма жыл болды. Осы уақыт аралығында мақсатымыз, жұмысымыздың мазмұны, саяси платформамыз өзгерген жоқ. Соңғы бес жылдың ішінде партияға 52 мыңнан астам қазақстандық келіп, өз еркімен мүшелік етті. Партиямыздың идеясын қолдаушылар жылдан жылға көбейіп келе жатыр. Алда келе жатқан сайлауға «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының қатысуы туралы ұсыныс енгіземін, - деді ол.

Әли Бектаев алда болатын партияның съезінде партиялық тізімді бекітіп, халықтың алдында жария ететінін айтты.

Бүгінгі шара барысында ауылдықтар Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлаудан бөлек, ауылдағы халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуа бағытталған ұсыныстарды талқылады. Әли Бектаев қарапайым еңбек адамдарының мемлекет тарапынан ұсынылған түрлі жеңілдіктерден, мүмкіндіктерден және марапаттардан тыс қалып жататынын айтып өтті.

Жақында ғана «Ауыл» партиясы халықтың әлеуметтік мәселелерін көтерген жиын ұйымдастырған болатын. Партия төрағасы Әли Бектаевтың айтуынша, Қазақстан халықтың әлеуметтік міндеттемелерді орындайтын бірден бір мемлекет.

Біздің мемлекетте әлеуметтік саясат дұрыс мақсатты жүргізіліп жатыр деп айта аламын. Қаржы көп бөлінген сайын, шағым да көбейе түседі. Демек, кемшілік әлі де бар. Қазақстанда кедейлік, мүгедек балалар, жалғызбасты аналар, асыраушысы жоқ отбасылар саны өсіп жатыр. Мемлекетке үнемі тәуелді болу жақсылыққа апармайды. Осындай әлеуметтік осал топтардың жағдайын оңалдыратын әлеуметтік саясатты қайта қарау қажет, - деді Әли Бектаев.

Естеріңізге сала кетейік, 21 қазанда ҚР президентінің жарлығымен Қазақстанда парламенттік сайлау 2021 жылы 10 қаңтарда өтетіні белгілі болды. Арнайы жоспaрға сәйкес кaндидаттарды ұсыну кезеңi дауыс беру күнінен екі aй бұрын бaсталады. Сонымен қоса дауыс беру күнiнен қырық күн бұрын жергілікті уaқытпен сaғат он сегізде аяқталaды. 2020 жылдың 10 қaрашaсынан бастап бaстап 30 қaраша күнгі сaғат 18-00-ге дейін болмaқ. депутаттардың бүкіл сайлау науқаны үшін, яғни парламент мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауға шамамен 15,3 миллиард теңге жұмсалмақ.

 

Барлық жаңалықтар