• Басты
  • «Ауыл» партиясы әлеуметтік мәселелерді көтерді
19 Қазан, 2020 18:25

«Ауыл» партиясы әлеуметтік мәселелерді көтерді

Бүгін «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының ұйымдастырумен әлеуметтік саясатты қалыптастыру, әсіресе жәрдемақының әр балаға төленуін қамтамасыз ету, ана мен баланы әлеуметтік қолдауда заманауи талаптар мен тәсілдер талқыланды. Партия осы мәселелер бойынша жаңа концепция дайындап жатқанын айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

«Ауыл» партиясы әлеуметтік мәселелерді көтерді

Партия төрағасы Әли Бектаевтың айтуынша, Қазақстан халықтың әлеуметтік міндеттемелерді орындайтын бірден бір мемлекет.

Еліміздің ұстанып отырған әлеуметтік саясатына жоғары баға беруге болады. Яғни әлеуметтік саясат дұрыс мақсатты жүргізіліп жатыр деп айта аламын. Қаржы көп бөлінген сайын, шағым да көбейе түседі. Демек, кемшілік әлі де бар. Қазақстанда кедейлік, мүгедек балалар, жалғызбасты аналар, асыраушысы жоқ отбасылар саны өсіп жатыр. Мемлекетке үнемі тәуелді болу жақсылыққа апармайды. Осындай әлеуметтік осал топтардың жағдайын оңалдыратын әлеуметтік саясатты қайта қарау қажет, - деді Әли Бектаев.

Шараға ҚР Халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және ҚР Қаржы министрлігінің өкілдері, ҮЕҰ өкілдерінің, партия активінің, сондай-ақ көп балалы аналар да қатысты.

Дөңгелек үстел барысында «Ауыл» партиясының мүшелері бала туғанда және бала күтімі кезінде аналарға мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік төлемдердің төмен деңгейіне байланысты өз алаңдаушылықтарын білдірді.

Әли Бектаевтың пікірінше, Қазақстанда көпбалалы отбасыларға берілетін көмекті қайта қарау қажет. Бұл бағдарламалар өзгерістерді қажет етеді.

Әлеуметтік көмек түрлері және оларды алу жолдары барлық азамат үшін түсінікті бола бермейді. Көмекке мұқтаж жандардың көпшілігі түсінбейтіндіктерін айтып, шағымданады.

TEMA3910.jpg

Қазіргі қолданыстағы ана мен баланы әлеуметтік қолдау саясатында кемшіліктер бар. Мемлекет тарапынан баланы туғаннан бастап 18 жасқа дейін әлеуметтік қолдау стандартына кепілдік берілу тиіс. Әлеуметтік төлемдер отбасының табысына, балалар санын растаусыз жаппай барлық балаға төленуі керек. Мысалы, қазір атаулы әлеуметтік көмекті 766,0 мың адам алады. Олардың 492,0 мыңы ғана балалар. Ал АӘК орташа мөлшері 7,3 мың теңгеден сәл ғана асады. Балалы отбасылардың кедейлігі туралы қапарат осы статистикамен-ақ расталып тұр. Сонымен қатар, отбасының әкесі алимент төлеуден жалтарған немесе кәсіби біліктілігінің төмендігіне байланысты жұмысқа орналаса алмайтын отбасылар кедейлік шегінде қалады. Ал анасы болса, жұмысқа шығу керек немесе мемлекеттің ең аз АӘК алып үйде отыруы тиіс. Мұны аналар үшін әлеуметтік әділетсіздік деп білеміз, - деді Әли Бектаев.

«Ауыл» партиясының шарасында ауыл халқының мәселесі айтылмай кеткен жоқ.

Жиынға қатысушылардың пікірінше, ауыл тұрғындары мемлекет тарапынан жәрдемді алу үшін табыстарының төмен екенін дәлелдеуге міндеттелмеуі керек. Партия мүшелер құзыретті мемлекеттік органдарға баланы туғаннан бастап 18 жасқа толғанға дейін әлеуметтік қолдаудың бірыңғай стандартын анықтауды ұсынды.

Сонымен қатар, шара барысында әйелдер үшін жоғары ақы төленетін жұмыс орындарының болмауы, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің және мектеп жасындағы балалар үшін ақылы қосымша білім алудың қолжетімсіздігі сияқты әлеуметтік мәселелер көтерілді.


 Балалар - біздің болашағымыз. Егер біз қазір әлеуметтік көмекті кедейлік шегінің 70% шегінде төлей отырып, тәрбиелейтін болсақ, онда болашақта олардан отансүйгіштікті, Отан үшін толық берілгендікті талап етуге моральдық құқығымыз жоқ, - деді «Ауыл» партиясының төрағасы.

 2050 жылға қарай Қазақстанда халық саны 25 млн адамға жетуі мүмкін. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шәпкеновтың мәліметінше 2050 жылы Қазақстанда халық саны 25 млн адамды құрауы мүмкін

Қазіргі таңда Қазақстанда 294 мыңнан астам көпбалалы отбасы бар. Жыл сайын Қазақстанда туу көрсеткіші өсіп келеді. Талдау нәтижелері бойынша 2050 жылға қарай халық саны 1,3 есеге өсіп, 25 млн адамға жетуі мүмкін. Қазақстандық аналарды балалы болуға ынталандыру ұлттық қауіпсіздіктің стратегиясы, - деді вице министр.

Барлық жаңалықтар
3.94.21.209, 192.168.88.100