- Басты
- Жаңалықтар
- Ауыл әкімдерін сайлау: Сарапшылар пікірі
Ауыл әкімдерін сайлау: Сарапшылар пікірі
Бүгін сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы қабылданды. Осы мәселе аясында саясаттанушылар Strategy2050.kz тілшісіне пікір білдірді.

Саясаттанушы Алексей Чеботарев айтқандай, «Nur Otan» партиясының жетістігі партия басшылығының сарапшылар қауымдастығымен байланысына қарай шешілуі мүмкін.
Осы жылы 836 ауыл мен аудан орталығы саналатын қалалардың әкімдерін халық сайлайды деп күтілуде. Бүгін Сенат қабылдаған Заңдағы өзгерістер кандидаттар үшін және саяси партиялар үшін қолайлы болмақ. Жалпы, Қазақстанның саяси сахнасындағы жаңа өзгеріс пен тиімді шешім болғалы тұр деп санайды саясаттанушы.
Чеботарев аймақтардағы партиялық активтің жаңартылуына баса назар аударып, пікір білдірді. Оның айтуынша, билік партиясы өзін мемлекеттік басқару жүйесімен байланыстыруға тырыспайды. Керісінше, оған қатысты бақылаушы орган ретінде әрекет етуге тырысады.
«Оның көрсеткіші – барлық деңгейдегі саяси кеңестердегі мемлекеттік қызметшілер санының екі есе қысқаруы. Сонымен қатар бизнес-құрылымдар, БАҚ өкілдері, ҮЕҰ және тағы басқа қоғамның белсенді топ өкілдерінің санының артуы көрсеткіш болып отыр. Тағы бір айта кеткім келгені, партия жанынан 1752 қоғамдық кеңес құрылған. Қоғамдық кеңестердің құрамына қоғамның партияға мүше емес өкілдері еніп отыр. Оның ішінде республикалық дәрежеге ие 14-ін парламентарийлер басқарады», - деді ол.
Саясаттанушы Расул Жұмалының пікірінше, ауыл әкімдерін сайлау жақсы үрдіс. Барлығы ашық әрі әділ өтсе болғаны.
«Бәріне қарсымын» деген нұсқаны енгізу туралы заңнамалық түзету кезк келген сайлауға қатысты болу керек. Парламентке өту кедергісін 7 пайыздан 5 пайызға дейін төмендету бастамасы да солай. Ауыл әкімдерін сайлау туралы ұсыныс 9-жылдардан бері айтылып келе жатыр», - деді Расул Жұмалы.
Сонымен қатар саясаттанушы аймақтар мен ауылдардағы өкілетiктep мен бacтамaлapдың бip бөлiгi жергiліктi жерлерге берілуі керек деп санайды. Мұны ол жергілікті жерлердегі халықтың өзін өзі басқару идеологиясымен байланыстырады.
"Ауыл әкімдерінің сайлауына халықтың тікелей араласуы туралы идея 90-шы жылдардан бері бар. Уәде етіліп келген. Алайда, соған енді ғана жетіп отырмыз. 2021 жылы күзде кейбір ауылдық округтерде сайлау өтеді. Идея, әрине, дұрыс. Елордада отырып алып, тіпті облыс орталығында отыры, барлық ауылдағы және аудандағы тұрғындардың қажеттіліктерін білу, барлық проблемасын меңгеру мүмкін емес», - деп жаңа бастамаға қолдау білдірді.
Расул Жұмалы сайлаудың әділ өтуіне тиянақты болу керек деп есептейді. Мәсеоен, әкімшілік ресурсты лауазымды топтардың пайдаланбауына, бюллетеньдердің дұрыс есептелуіне назар аударылу керек.
"Ауыл азаматтары мұндай сайлауға сенгені маңызды. Ал сенім қалыптастыру үшін алғаш рет өткізілетін сайлау барынша әділ болу керек», - деді Расул Жұмалы.

-
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар
-
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»
-
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады
-
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді
-
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет
-
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр
-
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы
-
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі
-
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы
-
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды»
-
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері
-
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі
-
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған»
-
Сарапшы пікірі: "Газ бағасының өсуі - барлық шығынды есепке алғанда түк емес"

