• Басты
  • Ауыл кәсіпкерлерін несиемен қолдау қалай жүзеге асырылуда
15 Мамыр, 2020 14:27

Ауыл кәсіпкерлерін несиемен қолдау қалай жүзеге асырылуда

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның ауылдықтарға кәсібін ашуға несие ұсынатын бағдарламалары бар. Оны тұрғындар қаншалықты тиімді қолданып жүргенін келесі материалдан оқи аласыдар, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Ауыл кәсіпкерлерін несиемен қолдау қалай жүзеге асырылуда

Мәселен, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасына қатысып, шағын кәсіпкерлікпен айналыса бастағандардың саны артып келеді. Бұл бағдарлама әсіресе кәсіпті жаңадан бастайтындарға үлкен қолдау. Себебі, бірқатар жеңілдіктері қарастырылған.

Бағдарламаға қатысып, жеңілдетілген несиеге қол жеткізгедердің бірі Павлодар облысының Успенко ауылында тұратын жеке кәсіпкер Владимир Бобров.

Ол ірі қара өсіріп, кәсіп істеуді қолға алған.

«Былтыр Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Павлодардағы филиалынан 3 млн теңге несие рәсімдеп, 12 бас сиыр сатып алдым. Қазіргі уақытта шаруашылығымды ел қатарлы жүргізіп отырмын. Алдағы уақытта мал басын көбейтіп, кәсіпті табыс көзіне айналдыруды жоспарлап отырмын», - дейді ол.

Ал Солтүстік Қазақстан облысында үш ауыл тұрғынының басын біріктіріп отырған кооператив бар.

Олар малдарын асылдандырып, сүтті мал шаруашылығын дамытуларына үлесін қосуда. Тайынша ауданының Аққұдық ауылындағы Айдар Ілиясов басқаратын «Аққұдық» ӘКК өндірістік кооперативі 2017-жылдан бері Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорымен жұмыс істеп келеді.

«Аққұдық» ауыл шаруашылығы кооперативі Алабота, Тихоокеан және Амандық ауылдық округтерінің тұрғындарын сүтті мал шаруашылығын дамыту мен ірі қара мал тұқымын қайта түлету тұрғысынан біріктіріп отыр.

Кооператив Қордан алған несие қаржыға сүт салқындатқыш-танкер, сүт таситын УАЗ автокөлігін, роторлы шалғы, шөп престегішін, шөп тиегіші бар Беларусь тракторын сатып алды. Қаржының бір бөлігі мемлекеттің инвестициялық субсидиясы арқылы қайтарылды. Сүт күн сайын жергілікті тұрғындардан жиналып, өңдейтін кәсіпорындарға жеткізіледі.

Бұдан бөлек, жергілікті халықтың сиырларын асылдандыру жұмысы жүргізілуде. Ол үшін 40 бас асыл тұқымды бұқа әкелінген.

Кооператив төрағасы Айдар Сәрсенбайұлы жергілікті тұрғындар арасында жастарға үлгі көрсетіп келеді. Сүтті мал шаруашылығын дамытумен айналысады. Өзінің 40 бас сиыры бар.

«ӘКК үшін алда тұрған жалғыз жер мәселесі. Егер шөбі шүйгін қажетті жерге қол жеткізетін болса, үш ауылдық округтің мал азығын толық қамтамасыз етуге қауқарлы», - дейді ол.

Сондай-ақ, шағын құс шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер де көбейіп келеді.

Себебі, құс еті мен тауықтың жұмыртқасы халықтың күнделікті тұтынатын тауары.

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры құс шаруашылығымен айналысамын дегендерге де несие береді.

Мәселен, Талас ауданының тұрғыны Лаура Ибраимова Қордан 5 млн теңге несие рәсімдеп, ол қаржыға тауық, күркетауық және олардың азықтары мен бағып-қағуға қажет дүниелерді сатып алған.

«Қазір отаға екеуміз кәсіпті табыс көзіне айналдыру жолында еңбек етіп жатырмыз»,- дейді ол.

Оған қоса, Солтүстік Қазақстан облысында жылқы шаруашылығымен айналысатындардың саны көбейіп келеді.

Биыл жыл басынан бері Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан «Еңбек» бағдарламасы аясында несие алған 38 кәсіпкер 400-ден астам жылқы сатып алған.

Әсіресе, Шал ақын, Тайынша, және Қызылжар ауданының тұрғындары төрт түліктің төресін өсіруге бет бұрған.

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының өкілдері Қарғалы ауданының Петропавловка ауылындағы кәсіпкерлермен кездесті.

Өз кезегінде Ақтөбе филиалының директоры Гүлжанат Ерғазина бастаған мамандар «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қатысушыларға кеңес беріп, несие алуға тапсыратын құжаттарын қабылдады.

Сондай-ақ, шағын несиенің шарттары мен алу механизмі түсіндіріліп, тұрғындардың қойған сұрақтарына жауап берілді.

Айта кетейік, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында мал шаруашылығымен айналысамын дейтіндерге 6,5 жылға 6 процентпен 4 млн теңгеге дейін несие береді. Бір жылға дейінгі жеңілдік мерзімі де бар.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды