• Басты
  • Қауіп әлі де бар, босаңсуға болмайды – елорда әкімі
26 Мамыр, 2020 15:52

Қауіп әлі де бар, босаңсуға болмайды – елорда әкімі

Қауіп әлі де бар, босаңсуға болмайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Қауіп әлі де бар, босаңсуға болмайды – елорда әкімі
«Біздің басты мақсатымыз – науқастарды дер кезінде анықтау. Сондықтан қазір азаматтарды тестілеудің санын көбейттік. ТЖ –ның алғашқы күндері бір лаборатория жұмыс істесе, қазір 5 лаборатория жұмыс істеп жатыр. Күнделікті 3 мыңнан астам тестілеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта дәрігерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар қабылдадық. Індетпен күресу жолында пневмониясы бар, ӨРВИ симптомы бар азаматтар емханаға баратын болса, олардың барлығы дәрігерлерге қауіп төндірді. Сондықтан да, пневмония немесе ӨРВИ симптомы бар азаматтарды қабылдайтын ауруханаларды бөлдік», - деді әкім.

Ол атағандай, дәрігерлерді қауіпсіздендіру мақсатында темір жол ауруханасына пневмониясы бар науқастар, ал 2 емхана ӨРВИ немесе өзге диагнозы бар науқастар қабылданады.

«ТЖ біткен соң барлық 14 емхана да бұл симптомы бар азаматтарды бөлек есік бойынша бөлек дәрігерлер қабылдайды. Осы шаралар аясында 150-ге жуық вирус жұқтырған адамды басқа емханаларға жіберуге жол бермедік. Дәрігерлер мен азаматтарды сақтап қалдық. Ол азаматтар қазір емделіп шықты», - деді ол.

Ол атап өткендей, Президенттің тапсырмасына сәйкес, пандемиямен күресіп жүрген дәрігерлерге қомақты көмек көрсетілді.

«4 мыңға жуық дәрігерге 1,5 млрд теңге қаражат бөлінді. Ол сыйақы және жәрдемақы қаражаты. Меценаттар да дәрігерлерге қолдау көрсетті. Дәрігерлер карантинде жүрген соң, олар үйлеріне барып, туыстарымен араласпас үшін қонақ үйлерді әзірледік. 700-ге жуық дәрігер заманауи қонақ үйлерде тоқтады. Сондықтан да, дәрігерлер атынан инвесторларға алғысымызды білдіреміз. Жаңа 200 орындық инфекциялық ауруханадан бүгінгі таңда 150 азамат емделіп шықты», - деді А.Сейдірұлы.

Сондай-ақ, әкім әлеуметтік көмек туралы айтып өтті.

«ТЖ кезінде көптеген кәсіпорындар тоқтады. Азаматтар жұмыссыз қалды. Президенттің тапсырмасына сәйкес, ең төменгі мөлшердегі жалақы 42500 теңгені сәуір айында 270 мың адам, мамыр айында қосымша 130 мыңнан астам азамат қолдау алды. Мемлекеттен бұл шараларға 120 млрд теңге кетті.Сонымен қатар, Елбасының үндеуіне сәйкес, «Nur Otan» партиясымен «Біз біргеміз» акциясы аясында 43 мың аз қамтылған азамат 50 мың теңге әлеуметтік көмек алды. Оған бюджеттен тыс 2 млрд 100 млн теңге қаражат жұмсалды. 34 мың отбасыға азық-түлік ретінде көмек берілді. АӘК-ні 3500 отбасы алды», - деді ол.

Әкім қатаң карантиндік талаптар сақталғанының нәтижесінде ғана қиын кезең еңсерілгенін айтты.

«Қала тұрғындарына шарықтау кезеңінде барлық талаптарды сақтанғаны үшін алғыс білдіремін. Бұл өзге елдер сияқты вирусты кеңінен таратып алмауға жол берді. Бірақ, қауіп әлі де бар, босаңсуға болмайды. Әрбір азамат санитарлық талаптар мен әлеуметтік арақашықтықты сақтайтын болса, біз вирустың таратпауына септігімізді тигіземіз», - деді ол.

Қала әкімі карантин режимі босаңсығаннан кейін өсім байқалғанын атады.

«Біз оны жұмыс орындарын ашумен байланыстырып отырмыз. Қазір бұл жұмыстар жалғасып жатыр. Қазір рейдтер жүргізіліп жатыр. Рейд көрсеткендей, кейбір нысандар санитарлық талаптар сақтамаған 26 нысан жабылды. Барлық жерде санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Ол кәсіпорындар жетекшілерінің жауапкершілігінде. Азаматтарды да жауапкершілікпен қарауға шақырамын», - деді ол.

А.Көлгінов ТЖ енгізілгелі бері 5 мыңға жуық азамат карантин режимін бұзып, айыппұл төлегенін айтты.

«300 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мыңға жуық азаматқа ескерту жасалды. Бәрін жаппай жазаға тартуды көздеп отырған жоқпыз. Әрбір азаматқа бір- бір полициядан қоя алмаймыз. Қоғам болып, бір–бірімізді қорғап, сақтамасақ, вирустан құтыла алмаймыз. Әлем бойынша адам шығыны болып жатыр. Қазір 14 адам жан сақтау бөлімінде жатыр. Сондықтан да қауіп кеткен жоқ», - деді ол.
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды