• Басты
  • Атыраулық диқандар жем мен көкөніс дақылдарын егуді көбейтті
19 Мамыр, 2020 10:36

Атыраулық диқандар жем мен көкөніс дақылдарын егуді көбейтті

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі 14 сәуірден бастап, ел аймақтарының барлығындағы көктемгі дала жұмыстарының барысы жайында ақпарат таратып келді. Ендігі кезекте Атырау облысы. Қазіргі таңда, облысыта егіс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл аймақта егін алқабы айтарлықтай үлкен болмағандықтан, диқандар аз уақыт ішінде жерді  өңдеп, жартысына жуығына егін салып үлгерді, деп хабарлады Strategy2050.kz АШМ-ға сілтеме жасай отырып.
Атыраулық диқандар жем мен көкөніс дақылдарын егуді көбейтті

Биыл Атырау облысының егіс алқабы 9222 га құрайды. Оның көп бөлігіне, яғни, 3332 гектарына жемшөп дақылдары егіледі. Көкөністер 2,6 мың гектарға, картоп 2 мың гектарға, қауын 1,2 мың гектарға салынады.

Қазіргі уақытта облыста егіс алқабының жартысы игерілген, оның ішінде жемшөп дақылдары - 1878 га, көкөністер - 1 271 га, қауын - 600 га, картоп - 705 га.

Егіс жұмыстарына 305 ауылшаруашылық кәсіпорындарының 1,5 мың қызметкері қатысады. Сондай-ақ, 783 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары жұмылдырылды.

Айта кетейік, Атырау облысының ауылшаруашылық тауар өндірушілері биылғы жылы арзандатылған дизель отынын бөлуге өтініш берген жоқ.


ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды