• Басты
  • Атыраудан республика қалаларына рейстер қайта жанданады
22 Мамыр, 2020 12:59

Атыраудан республика қалаларына рейстер қайта жанданады

Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешіміне сәйкес, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарын ескере отырып, 2020 жылғы 25 мамырдан бастап Атыраудан республиканың өзге қалаларына келесі бағыттар бойынша ұшулар қайта ашылады, деп хабарлады Strategy2050.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Атыраудан республика қалаларына рейстер  қайта жанданады

Рейстер әуе компаниялардың ресми сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады. 

Ұшулар Көліктегі бас санитарлық мемлекеттік дәрігермен бекітілген санитарлық қауіпсіздіктің жоғары шаралар шартында жүзеге асырылады:

- жеке қорғаныс жабдықтарын пайдалану (бетперделер, қолғаптар); 

- термометрия, әлеуметтік қашықтықтықты әуе кемесінің бортына отыруға дейін ұстану;

- әуежайлар мен әуе кемелердің күшейтілген дезинфекциясы.

Жазғы мерзімде әуе тасымалдарына сұраныстың көбейетінін ескере отырып, қалалар арасында рейстер санын сұраныс пен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-карантиндік шараларын ескере отырып әуе компаниялары анықтайды. 

Осылайша, 2020 жылғы 25 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайлары ішкі тұрақты рейстер үшін ашылып, ішкі әуе нарығындағы бағыттардың жандануына ықпал етеді.  


ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды