• Басты
  • Атырауда "Абай" күні туылған сәбиге Абай есімі берілді

Атырауда "Абай" күні туылған сәбиге Абай есімі берілді

12 Тамыз, 2020 12:16

Атырау облысында 10 тамыз таңғы сағат 6.40-та дүниеге келген сәбиге Абай есімі берілді, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.

Абайдың салмағы – 3565 гр, ал бойы – 53 сантиметр.

Анасының айтуынша, дәрігерлердің алдын ала жоспары бойынша, 15 тамыз күні босану керек болған. Алайда сәби 10 тамызда туылды.

Жолдасыммен ақылдасып, қазақтың ұлы ақынының даналығын, ақыл-ойын берсін деген ниетпен төртінші перзентіміздің есімін Абай деп қойдық. Үйдің үлкендері де біздің таңдауымызды қолдап отыр. Абайдың екі ағасы мен апасы бар», - дейді 37 жастағы анасы Ақмарал Бәделова.

Атырау облыстық перинаталдық орталығының ана мен бала бірлескен бөлімшесінің меңгерушісі Нұрлан Жұбанышевтың айтуынша, 10 тамыз –Абай күні орталықта 5 ұл, 5 қыз дүниеге келген.

Сәбилердің мұндай ерекше адамдардың мерейтойымен тұспа-тұс дүниеге келуі – ерекше оқиға. Бұл балалардың болашағына жақсы әсер етеді деп ойлаймын, - дейді Нұрлан Жұбанышев.

Естеріңізге сала кетейік, 10 тамыз Қазақстанда Абай күні аталып өтті. 2020 жыл Абайдың туылғанына 175 жыл толды.

 

Барлық жаңалықтар