• Басты
  • Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары

Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары

17 Қыркүйек, 2021 13:06

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде Қызылорда және Атырау облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар жөнінде айтылды. Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың айтуынша, 2 модульдік аурухана бой көтерген. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Балжан Шәменованың дерегінше, өңірде вакцинаның 1 компонентімен 72,7% халық қамтылған. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Атырау облысындағы эпиджағдай

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың дерегінше, облыста індет басталғалы 49500 адамнан COVID-19 коронавирус инфекциясы анықталған. Оның ішінде соңғы тәулікте – 98 жаңа жағдай тіркелген.

«Осы аралықта сырқаттанған науқастардың 93%-ы сауығып шықты. Коронавирустық инфекциясынын аурушандық көрсеткішінің соңғы бір ай көлемін салыстырсақ 5,6 есе төмендеп отыр», - деді ол.

Оның дерегінше, ағымдағы жылы облыс бойынша 2078 инфекциялық және 508 карантиндік орындар жасақталған. Алайда, 1-ші шілдеден бастап аурушаңдықтың өсуіне байланысты облыс бойынша резервтен 934 инфекциялық төсек орын іске қосылып,өңірдегі жалпы инфекциялық төсек орын саны 3012-ні құраған.

«Алайда, 16-шы қыркүйекте аурушандық төмендеуге байланысты 2352-ге қысқартылды. Облыста резервтік 624 орындық инфекциялық стационар әзірленді, оның 40-ы реанимациялық төсек-орын балалар үшін 144 инфекциялық төсек орын дайындалды», - деді Бақытгүл Хаменова.

Сондай-ақ, ол қазіргі таңда инфекциялық стационарда 518 науқас емделіп жатқанын атап өтті. Облыс бойынша төсек-орын жүктемесі 22%-ды құрайды.

Атырауда індетпен күресу және алдын алу мақсатындағы шаралар:

1.    Науқастарға жоғары сапалы медициналық көмек ұйымдастыру үшін Атырау және Құлсары қалаларында 200 орындық 2-і модульдік инфекциялық аурухана салынып пайдалануға берілген.

2.    Республикалық, жергілікті және демеушілік есебінен медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы айтарлықтай нығайтылған. Мәселен, тірінші толқында облыстың медициналық ұйымдарында 104 ӨЖЖ аппараты болған болса, бүгінгі күні олардын саны    274-ке жеткен.

3. Халыққа уақтылы медициналық көмек көрсету үшін 66 бірлік жедел жәрдем көлігі және 5 жылжымалы медициналық кешен алынған.

4. Облыста жедел медициналық көмекті одан әрі жақсату мақсатында автомобиль және 5 жылжымалы медициналық кешенмен толықтырылған.

5. Медициналық ұйымдардың оттегі баллондарын тасымалдау уақытын қысқарту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және науқастарға уақтылы көмек көрсету үшін       8 медициналық ұйымға орталықтандырылған оттегі станциясы қосылған. Індет басталмас бұрын облыста тек 1 ғана оттегі станциясы болған.

Қызылорда облысындағы эпиджағдай

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Балжан Шәменова қазіргі таңда Қызылорда облысы «сары аймақта» орналасқанын атап өтті. Оның дереігінше, өңірде індет жұқтырған 17 247 адам тіркелсе, оның 91 %-ы сауыққан. 2020 жылдың қорытындысы бойынша коронавирус инфекциясымен 3392 адам тіркелсе, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бүгінгі күнге дейін тіркелген науқас саны 13 855-ті құрап отыр.

«Қазіргі таңда инфекциялық төсек-орын саны 1160, оның ішінде реанимациялық төсек-орын саны 135, бүгінге жүктеме 30 %-ды құрап отыр», - деді ол.

Оның айтуынша, эпидемиологиялық ахуал күшейген жағдайда инфекциялық және провизорлық стационарларда төсек-орын санын 3200-ге дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, құрылысы 2020 жылы басталған модульдік стационар жұмысы іске қосылғанын атап өтті.

«Режимді түрде 6 оттегі шығару станциясы жұмыс жасауда. Коронавирус инфекциясына қарсы күрес жұмыстарына 2 айлық дәрі-дәрмек қоры, қажетті медициналық кадрлар мен құрал жабдықтар жеткілікті», - деді Балжан Шәменова.

Оның мәліметінше,11 ПТР аппараты іске қосылған. Сондай-ақ, өңірде ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында екпе алуға қабілетті 401 мың тұрғынның екпенің 1 компонентімен 72,7%-ы яғни 291 237 адам вакциналанған. Ал вакцинаның 2 компонентімен 60,7 %-ы яғни 243 425 адам қамтылған.

Барлық жаңалықтар