• Басты
  • Атырау облысының әкімі өңірдегі төрт басты проблеманы атады
13 Қараша, 2020 15:16

Атырау облысының әкімі өңірдегі төрт басты проблеманы атады

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Атырау өңірінің экологиялық, әлеуметтік проблемалары туралы айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


Атырау облысының әкімі өңірдегі төрт басты проблеманы атады

Атырау облысының әкімі айтқандай, өңірде 4 басты проблема бар. Біріншісі – экологиялық проблема. Екінші проблема – Жайық өзенінің таяздануы. Үшінші проблема - халықтың жұмыссыздығы болса, төртінші мәселе – білім сапасын арттыру.

Атырау Қазақстанның ірі индустриялық аймағына жатады. Қазақстандық мұнайдың 55%-ы Атырауда өндіріледі. Атырау облысы әкімінің ақпаратына сүйенсек, жыл басынан бері аймақта 39,3 млн тонна мұнай өндірілді. Осылайша, мұнай өндірудегі жылдық жоспар 46 млн тоннаға жетті.

Қазіргі таңда облыста мұнай-газ саласы бойынша бірқата ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Солардың ең ірісі - Теңіз кен орнындағы Келешек кеңею жобасы. Оның жалпы құны 45 млрд АҚШ долларын құрайды. Жобаның 80 пайызы дайын Мұнай-газ саласындағы тағы бір ауқымды жоба Қашаған. Жыл басынан бері мұнда 13 млн тоннаға жуық мұнай өндірілді. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда әлдеқайда артық, - деп мемлекетке кіріс әкелетін жобалармен таныстырды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында «Қазақстанның батыс өңірлері мұнай-химия кешендерін салып, жоғары деңгейдегі қайта өңдеу ісінің жаңа өндірістік циклдарын құру үшін инвестиция тартатын орталыққа айналуы тиіс» деп атап өткені болатын. Осы бағытта Атырау облысында инвестициялық жобалардың жұмысы басталды.

Таяу шетелдегі ең ірі полимер өндірісі болып табылатын KPI компаниясының Полипропилен жобасына 2,6 млрд. АҚШ доллары инвестицияланды. Атыраудың жұмыссыз халқы үшін 3 мыңнан аса жұмыс орны құрылды. Өндіріс 2021 жылы басталған кезде 500 жаңа жұмыс орны ашылады. 2021-2023 жылдар аралығында инвестиция көлемі 370 млрд. теңгені құрайтын «GPS Investment» ЖШС-нің Қашаған шикізаты негізінде газ өңдеу зауытын салу жобасы әзірленуде. Жобаны іске асырудан күтілетін нәтиже: шикі мұнайды шетелге жеткізу азаяды (қазір мұнай экспортының 80% -ы), тазартылған мұнай экспорты ұлғайған кезде дайын мұнай-химия өнімі өндірісі жолға қойылады. Сондай-ақ, құрылыс кезеңінде 2800 жұмыс орны және 600 тұрақты жұмыс орны құрылады, - деді әкім.

Коронавирустық індетке қарамастан, биыл Атырау облысында кәсіпкерлер саны өскен. Қазір өңірде 50 мың шағын және орта бизнес субъектісі бар. Онда 127 мың тұрғын жұмыс істейді, бұл экономикалық белсенді халықтың 40% құрайды.

Осы жылдың І жартыжылдығында ШОБ субъектілері 1 трлн 148 млрд теңгенің өнімін өндірді. Салықтық ынталандыру шараларының нәтижесінде облыста 20 мыңнан астам салық төлеушісі жекелеген санаттар бойынша 6 млрд теңге мөлшерінде салықтық жеңілдіктерге ие болды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша облыста 204 ШОБ субъектісі мемлекеттік мүлікті жалға алу кезінде төлеуден босатылды. «Бизнестің жол картасын» іске асыру кезеңінде өңірде несиелендірудің жалпы сомасы 134 млрд теңгені құрайтын 1925 жоба субсидияланды және кепілдендірілді, 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды, - деді ол.

2020 жылы осы бағыт бойынша 4,1 млрд теңге бөлінді, 335 кәсіпкер қаржылай көмек алып, 466 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылды.

«Бизнес аймақ» өңірлік бағдарламасы жүзеге асырылған 7 жыл ішінде ауылда 513 жоба қаржыландырылды. 705 адам тұрақты табыс тапты. Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 660 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Оларды құны 16 млрд теңгеге жуық 8 жаңа жоба қамтамасыз етеді.

Атырау облысының басты проблемасы экологиялық мәселелер болып отыр. Өйткені, ірі кен орындарынан зиянды қалдық бөлініп, табиғат пен адамға орасан залалын тигізіп отыр. Осы мәселені шешу үшін Атырау өңірінде жыл сайын 100 мыңға дейін көшет отырғызу жоспарланған. Шараға мұнай-газ секторының 20-ға жуық кәсіпорны тартылады. Махамбет Досмұхаметовтың айтуынша, 2021 жылдан бастап орман қоры мен елді мекендердің жерлерін қоса алғанда, 6 мың гектарға көгалдандыру және жасыл желек отырғызу жұмыстарын жүргізу үшін ірі мұнай-газ кәсіпорындарын тарту көзделген. Қалдықтардың шығарындылары мен төгінділері абсолютті түрде төмендеді, бірақ одан оңай болған жоқ. Жайық өзенінің сол жағалауында кәріз-тазарту станциясы салынуда. Бұл «сасық сайды» жоюға мүмкіндік береді, бұл қалалық кәріз бен Атырау МӨЗ булану алаңдары. Қалпына келтіру жұмыстары келесі жылы басталады. Сол жерде және оң жағалауда ҚТҚ полигоны салынады.

Көгалдандыру жұмыстары 3 жылдан 10 жылға дейін жалғасады. Олар барлық аудандарда жүргізіледі, бұл жыл сайын 100 мыңға жуық көшет отырғызуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп өңірдің өзекті экологиялық проблемаларын шешу бойынша Жол картасын әзірленді. «Жол картасы» қоршаған орта сапасын жақсарту бойынша барлық салаларды қамтитын 40 тармақтан тұрады. Жайық өзенін сақтау және тиімді пайдалану мәселесі аса өзекті. Оның ағынының шамамен 80% көрші Ресейде қалыптасады. Демек, өзеннің төменгі ағысында орналасқан аймақтың жоғары ірі су қоймалары мен гидротехникалық құрылғыларға тәуелді. Ағын көлемі соңғы 2 жылда 3 есеге қысқарды. Сондықтан Жайық пен Қиғаш 200 км-де түбін тереңдету жұмыстары бірнеше жылдан бері іске асырылып келеді, - деді ол.

Атырау тұрғындарының әлеуметтік мәселесінің бірі – халықтың денсаулығы. Қазіргі уақытта облыс бойынша онкологиялық ауруларға шалдыққан 4100 адам тіркелген, оның ішінде 3 мыңы емделіп шықты. Журналист Атырау облысын қатерлі ісікке шалдығу жағынан бірінші орында тұрғанын айтқан еді. Бірақ әкімнің дерегі бойынша Атырау онкологиялық аурулар бойынша бірінші орында емес.

Экологияның бұзылуы адамның денсаулығына теріс әсер ететіні белгілі. Онкологиялық ауруларға қатысты жағдай бақылауға алынды. Атырау өңірі онкологиялық аурулар бойынша 1-орында емес. Республикалық деңгейде орташа, одан төмен. Жалпы, соңғы 2-3 жылда 100 мың адамға шаққанда, онкологиялық көрсеткіштер жасарып барады. Әрине, бұл күрделі мәселе, - деді ол.

Қатерлі ісік ауруларымен күресу мақсатында облыста цифрлық рентгтен аппараттары, цифрлық маммографтар, КТ, МРТ және т.б. аппараттар сатып алынып, бір жүйеге қосылды. SAP технологиясы жасанды интеллектіні пайдалана отырып, аурудың алдын алу немесе оны ерте анықтау үшін диагностика жүргізуге мүмкіндік береді. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

Айтпақшы, Атырауда коронавирус жұқтыру жағдайы тұрақты. Өңір «жасыл аймақта». Соған қарамастан, әкім коронавирустың екінші толқынына дайын екенін айтты.

Махамбет Досмұхамбетовтің айтуынша, облыста 668 оттегі концентраты, 4 МРТ аппараты, 12 компьютерлік томография аппараты, 256 өкпені жасанды апаратты бар бар. Жыл соңына дейін тағы 51 өкпені жасанды желдету аппараты алынады. Өңір жедел жәрдем көліктерімен 100 пайыз қамтамасыз етілген. 5 мобильді диагностикалық медициналық кешен шалғай аудандарының тұрғындарына медициналық көмек көрсетіп жүр.

Денсаулық сақтау саласында материалдық-техникалық базаны нығайту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Биыл 7 нысанның құрылысы аяқталды. Инфекциялық төсек-орындардың толымдылығы 8,1%-ды құрайды, 46 науқас емделуде, оның 2-уі реанимацияда. COVID-19 екінші толқынына дайындық аясында облыс бойынша 2080 төсек-орынға арналған 12 стационар, оның ішінде 120 реанимациялық стационар дайындалды. Атырау қаласында 200 төсек-орындық модульді жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін Жылыой ауданының Құлсары қаласында 200 төсек-орындық модульдік стационар құрылысын аяқтау жоспарланған, - деді ол.

Құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бүгінгі таңда Атырау облысының түрлі салаларындағы бірнеше нысан халық игілігіне салынып, пайдалануға берілуде. Облыс әкімінің айтуынша, құрылыс жұмыстарының көлемі 692 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі 104,3% құрады. Республика бойынша өңірдің үлес салмағы - 19%.

Жыл басынан бері облыста 615 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 5 204 орындық 10 мектептің құрылысы жүргізілуде, апатты мектептің орнына салынған 1 мектептің құрылысы аяқталды. Тағы 4 мектеп жыл соңына дейін бітеді. Келесі жылы 5 нысан іске қосылады. Осылайша, үш ауысымды және апатты мектептер мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде. Биыл 15 балабақша құрылысы қолға алынды, оның ішінде 9 МЖӘ бойынша, оның ішінде 4 балабақша пайдалануға берілді, - деп бөлісті Атырау облысының әкімі.

Өңірде студенттерге арналған бірқатар жатақханалар, мәдениет үйлері, демалыс орындары, спорт және денсаулық сақтау нысандары салынуда.

Айтпақшы, Strategy 2050.kz тілшісі келесі сұрақты қойды: Атырау қаласының Бейбарыс даңғылындағы жөндеу жұмыстарының тым ұзаққа созылуына тұрғындар шағымданады. Неге ұзаққа созылды жөндеу жұмысы? Бұл сұраққа өңір басшысы пандемия салдарынан болған кідіріс деген жауап айтты.

Жол құрылысы қазір жүріп жатыр. Көктем айында бастау керек болған жұмыстар жазда басталды. Осы айдың соңына дейін ауа райы қолайлы болса, бітіреміз, - деп жауап берді.

Барлық жаңалықтар
// (function(m,e,t,r,i,k,a){m[i]=m[i]||function(){(m[i].a=m[i].a||[]).push(arguments)};m[i].l=1*new Date();k=e.createElement(t),a=e.getElementsByTagName(t)[0],k.async=1,k.src=r,a.parentNode.insertBefore(k,a)})(window, document, "script", "https://mc.yandex.ru/metrika/tag.js", "ym");ym(34776295, "init", {clickmap:true,trackLinks:true,accurateTrackBounce:true,webvisor:true,trackHash:true});//
5.45.207.124, 192.168.88.100