• Басты
  • Атырау облысында “Нұрлы жол” бойынша 6,5 мың тұрғын үй салынады
4 Мамыр, 2020 12:14

Атырау облысында “Нұрлы жол” бойынша 6,5 мың тұрғын үй салынады

Атырау облысында биыл қаржыландырудың барлық көздері есебінен 800 мың шаршы метр немесе 6,5 мың тұрғын үй салу міндеті тұр. 
Атырау облысында “Нұрлы жол” бойынша 6,5 мың тұрғын үй салынады

Биылғы І тоқсанда салаға 8,1 млрд. теңге инвестиция бағытталып, жалпы ауданы 149,6 мың шаршы метр болатын 1287 тұрғын үй пайдалануға берілді.

Жалпы биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Атырау облысында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысына 20,3 млрд. теңгеге 95 жоба іске асырылып, 925 адам жұмыспен қамтылады. 

Кредиттік немесе жалға берілетін 620 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның ішінде сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 13 жобаны іске асыру үшін 5 млрд. теңге қарастырылған. Биылғы І тоқсан қорытындысында әкімдікке 1,1 млрд. теңге аударылып, қаражат толық игерілген. Жыл соңына дейін жалпы ауданы 10,2 мың шаршы метр болатын 157 жалға берілетін пәтер пайдалануға беріледі. Халықтың аз қамтылған әлеуметтік топтарына, көп балалы отбасыларға берілетін ол баспаналардың құрылысына 480 адам жұмысқа тартылады.  

Ал кредиттік тұрғын үй құрылысына 43 жобаны іске асыру үшін 5 млрд. теңге қарастырылған. Оған 27,8 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 463 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған.

Сонымен қатар, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2%-дық несие беретін «Бақытты отбасы» бағдарламасын жүзеге асыруға биыл республикалық бюджеттен облыс әкімдігіне 239 тұрғын үй үшін 2,4 млрд. теңге қарыз беру қарастырылып отыр. 

Облыста тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуге 39 жобаны іске асырылады. Ол мақсатқа 10,3 млрд. теңге қарастырылған. Биылғы І тоқсанда ол қаражаттың 2,8 млрд. теңгесі аударылып, 2,2 млрд. теңгесі игерілді. Аталған жобаларда 445 адам жұмыспен қамтылады. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды