• Басты
  • Мектеп түлектеріне аттестат қалай беріледі
19 Мамыр, 2020 12:00

Мектеп түлектеріне аттестат қалай беріледі

Осы аптада Қазақстанның барлық мектептерінде соңғы оқу аптасы басталды. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова 1-10, 11-сыныптарға соңғы қоңырау қалай жүзеге асырылатынын айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Мектеп түлектеріне аттестат қалай беріледі
«Барлық мектептерде соңғы оқу аптасы басталды. Тоқсандық жиынтық бойынша бағалар жиынтығын тапсыру басталды. Бүгінгі таңда 300-ден аса оқушылар тапсырғанын «kundelik.kz» арқылы тапсырғанын көріп отырмыз. 1-10 сыныптарға соңғы қоңырау онлайн режимде өтеді. 11-сыныпқа аттестат тапсыру қатаң санитарлық талаптарды сақтау арқылы өткізіледі. Шара келушілерсіз, сыныптардың кезектесіп және оқушылардың арақашықтықты сақтауы арқылы ғана жүзеге асырылады. Бұл мектептердің әкімшілік жауапкершілігі»,- деді ол.

 Өз кезегінде министр Асхат Аймағамбетов бұл ұстаным ДСМ-мен бірлесіп жүзеге асырылатын шара екенін атап өтті.

 «Бұл позицияны Денсаулық сақтау министрлігімен келісіп жүзеге асырып жатырмыз. 25 мамырда онлайн режимде 1-10 -сыныптарға арналған соңғы қоңырау өтеді. Жыл қорытындысы бойынша да шараны онлайн өткізуге болады. Бір уақытта ғана емес, әртүрлі уақытта жүзеге асырылады. Оны ұйымдастыруды тым қатаң қадағалау керек емес, ешқандай есепсіз, ұйымдастырушылар өз тәртіптері бойынша өткізе алады. Сондай-ақ, 3-4 маусымда 11-сыныптарға арналған аттестатты тапсыру іс-шарасы өтеді. Одан кейін соңғы қоңырау рәсімін өткізуді жоспарлап отырмыз. Ол санитарлық талаптарды сақтау бойынша жүзеге асырылады. Әр сынып соңғы қоңырау мен аттестат тапсыруді бөлек өткізуі керек. Шара міндетті түрде далада, мектеп формасымен және арақашықтықтың бекітілуі арқылы өтуі тиіс. Қысқа уақытта әр сынып бойынша 30-40 минутта өткізіп, келесі сыныпқа көшірілетін болады. Қатаң санитарлық талаптар сақталуы керек», - деді А.Аймағамбетов.

  

Барлық жаңалықтар
3.216.79.60, 192.168.88.100