• Басты
  • Атаулы әлеуметтік көмек берудің шарттары өзгереді
7 Қазан, 2019 10:58

Атаулы әлеуметтік көмек берудің шарттары өзгереді

Атаулы әлеуметтік көмек беру туралы заң жобасына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Атаулы әлеуметтік көмек берудің шарттары өзгереді

«Біздің министрлік атаулы әлеуметтік көмекті беруді қолданыстағы жүйесін өзгертетін заң жобасын әзірледі. Басты бағыты - халықты еңбекке ынталандыру, табысы аз азаматтардың табыстарын және мемлекеттік қолдау мөлшерін есепке алуға қатысты ашықтық пен әділеттілікті қамтамасыз ету болмақ», - деді министр. 

Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмекті төлеудің жаңа шарттарына тоқталып өтті. Оның айтуынша, көп балалы аналарға берілетін жәрдемақының мқлшері де өскен. 

«Атаулы әлеуметтік көмекті алатын балалардың 60 пайыздан астамы көп балалы отбасыдан шыққан. Осыған байланысты атаулы әлеуметтік көмекті көп балалы отбасылар құрамындағы балаларға табысқа қарамастан жәрдемақыны берілдеі. Бұл көпбалалы аналардың беделінарттырып, әл-ауқатын арттыру жолы болар еді. Көп балалы отбасыларға берілетін жаңа жәрдемақыны отбасыдағы балалардың санына қарай 42 мың 500 теңгеден 73 мың теңгеге дейін сараланған айлық есептік көрсеткішке еселенген мқлшерде белгілеу ұсынылады», - деді министр. 

Бұдан бөлек, министрдің айтуы бойынша, атаулы әлеуметтік көмек тек көп балалы аналарға ғана емес, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар үшін де тағайындалатын болады. 

«Атаулы әлеуметтік көмекті өмірлік қиын жағдайға тап болған, және өз бетінше шығу мүмкіндігі жоқ адамдарға да тағайындалуы тиіс. Осыған байланысты мынадай тетіктерді ұсынамыз. Біріншіден, атаулы әлеуметтік көмектің тоқсан сайынғы тағайындау тәртібін қайтарып, шартты және шартсыз көмекті үш айға тағайындау. Бұл аталғанкөмекті алушылардың өз табысын жасыру жағдайларын барынша төмендететін болады. Екінші жағынан көмекті тағайындау тәртібі әділ болады. Екіншіден, барлық отбасы мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек орта табысы мен кедейлік шегі арасындағы айырмашылық көлеміне төленетін болады», - деп атап өтті Біржан Нұрымбетов.

Алайда, министрдің айтуынша, егер отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған жұмыспен қамту шараларынан бас тартатын болса, онда ол және оның отбасының барлық мүшелері атаулы әлеуметтік көмекті алу құқығынан айырылады. Сондай-ақ, учаскелік комиссияларға көп балалы отбасылардың материалды жағдайына қорытынды жасау үшін мерзімді 3 күннен 7 күнге ұзарту ұсынылған.

   Назерке Сүйіндік 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды