• Басты
  • Атамқұлов 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын таныстырды
18 Қараша, 2019 11:11

Атамқұлов 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын таныстырды

2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй коммуналдық мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Аталған жобаны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов үкімет отырысында таныстырып, осыған дейін жүзеге асырылған жұмыстарға тоқталып өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Атамқұлов 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын таныстырды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі өз баяндамасында аталған бағдарламаның міндеттері мен мақсаттарына тоқталды. 

"Қазіргі уақытта біз 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй коммуналдық мемлекеттік бағдарламасын әзірледік. Аталған бағдарламаға төмендегідей бес міндет қойылды. Ол біріңғай тұрғын үй саясатын іске асыру, халықты сапалы ауызсумен және су бұру қызметтерімен ұтымды қамтамасыз ету, тұрғын үй коммуналдық секторды дамыту және жаңғырту, тұрғын үй қорын күрделі жөндеуден өткізу және қайта жаңарту, сәулет қала құрылысы және қала құрылысын жетілдіру", - деді министр.

Сондай-ақ оның айтуынша, бағдарламаның мақсаты - баспананың қолжетімдігі мен қолайлылығын арттырып, тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту болмақ. Сонымен қатар ол өткен жылдардағы маңызды мәселелер де жаңа жобадан тыс қалмағандығын, жаңа жобамен біріктірілгенін атап өтті.  

"Бағдарлама Елбасы мен мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленді. Бағдарламада 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың және өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламаларының жылумен, сумен жабдықтау, коммуналдық секторды жаңғырту, үйлерді жөндек мәселелері біріктірілген. Біріыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру атты бірінші міндеттің шеңберінде тұрғын үйге қолжетімділік сатысы енгізелді. Айқындаушы фактор - халықтың табысы. Әрбір отбасы мүшесіне шаққанда бір ең төмен күнкөріс деңгейіне дейінгі табысы бар азаматтарға (29,7 мың теңге) сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй ұсынылады", - деді Атамқұлов.

Бұдан бөлек өз сізінде Бейбіт Атамқұлов баспана алу үшін қоғамдағы түрлі әлеуметтік топтарға арналған бағдарламаларға тоқталды.

"Бақытты отбасы" бағдарламасы бұрынғысынша 2 ең төмен күнкөріс деңгейіне дейінгі табысы бар азаматтарға қолжетімді болады. 3,1 ең төмен күнкөріс деңгейіне дейінгі табысы бар азаматтарға "5-20-25" бағдарламасы бойынша әкімдіктердің кредиттік тұрғын үйлерін алу мүмкіндігі беріледі. Табысы 3,1 ең төмен күнкөріс деңгейінен асатын азаматтарға "7-20-25" бағдарламасы ұсынылады. Табысы 5 ең төмен күнкөріс деңгейінен асатын адамдар бастапқы және кейінгі нарықтан тұрғын үй сатып алу үшін қолданыстағы нарық өнімдерін пайдалана алады. Баспана алудың ашықтығы мен бірыңғай жүйелік есепке алуды қамтамасыз ету үшін Кезекте тұрғандардың бірыңғай республикалық базасы енгізілуде", - министр.

Сонымен қатар ол азаматтардың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі билік пен қоғам алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі екендігін атап өтті. 

"Елімізде халық саны көбейіп, жас отбасылардың да қатары артуда. Пәтерге, жеке үйге деген қажеттілік басым. Әр қазақстандық тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүдделі. "Нұрлы жер" бағдарламасы халықтың қалың топтарына бағытталған. Ол жеке инвестициялар мен халықтың жинақтарын тарту есебінен тұрғын үйге қолжетімділік пен құрылыс секторын қолдаудың түрлі тетіктерін ұсынады", - деді ол.

Оның айтуы бойынша, "Нұрлы жер" бағдарламасын іске асыру аясында 2017 жылдан бастап 33,5 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй салынып, 300 мыңға жуық отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартқан. Мемлекет жұмсаған 1 теңге қаражатқа 6 теңге тікелей инвестиция тартылды. 

"Тұрғын үй құрылысына барлығы 3,3 трлн теңгеден астам инвестиция салынды. Баспананы пайдалануға берудің оң серпіні сақталуда. Орташа 10 пайыз өсім байқалады. Орта есеппен алғанда инвестициялар жыл сайын 18 пайызға ұлғаюда. 2018 жылы 12,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл еліміздің бір тұрғынына шаққанда 0,68 шаршы метрді құрайды. Бұл ТМД елдері арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш. Бір тұрғынға шаққандағы баспанамен қамтамасыз ету көрсеткіші 21,9 шаршы метрге жетті. 2030 жылға қарай 30 шаршы метрге дейін жеткізу", - деді ол.

Сонымен қатар министр бағдарлама аясында болашақта іске асырылатын жұмыстарға тоқталды.

"Бағдарлама аясында 3 жыл ішінде 51 мың отбасын сатып алусыз жалға берілетін және кредиттік тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл ретте, көпбалалы отбасылардың баспана мәселелері алдыңғы қатарда. "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша тұрмысы төмен 5 мың отбасыға жеңілдетілген кредит ұсынылуда. Халық пен бизнесті баспана салуға ынталандыру үшін жаппай құрылыс аудандарына инженерлік-коммуникация өткізуге 225 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде осы қаражат есебінен азаматтарға жеке тұрғын үй салуға арналған 130 мың жер учаскелері коммуникациялармен қамтамасыз етілді. Субсиядияланған кредиттердің шеңберінде жеке құрылыс салушылар 3 жыл ішінде 549 мың шаршы метр тұрғын үй квази мемлекеттік сектор субьектілері 20 мыңға жуық пәтер салды", деді Атамқұлов.

Бұдан бөлек министрдің сөзіне сүйенсек, осы жылдары тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары және Маңғыстау мен Ақтөбе облыстары көш бастап тұр.

"Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары және Маңғыстау мен Ақтөбе облыстары көш бастап тұр. Рсепублика бойынша жылдық жоспар 13 млн шаршы метр. Дегенмен, Нұр-Сұлтан қаласында осы он айдың қорытындысы бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны 35,8 пайызға төмендегеніне байланысты  жоспарланған көлемген жетуге әсерін тигізуі мүмкін. Ағымдағы жылы тұрғын үйді уақытылы пайдалануға беру үшін құрылыс алаңдарына құрылыс-инженерлік коммуникация өткізуге 77,3 млрд теңге бөлінді. Он айдың қорытындысы бойынша, қаржыландыру жоспарына сәйкес өңірлерге 59,3 млрд теңге аударылды. Соның 56,3 млрд теңгесі немесе 96 пайызы игерілді", - деді минситр.

Сонымен қатар ол бөлінген қаражатты толық игермеген өңірлерді атап өтті.

"Түркістан, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында қаражаттың игерілу көрсеткіші төмен. Сот процестері мен жобалық сметасының құжаттары түзетілуіне байланысты бірқатар өңірлер бөлінген қаражатты жылдың соңына дейін қайтаруды жоспарлануда. Сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй бойынша жобаларды әске асыру кезінде Павлодар, Маңғыстау, Атырау облыстарының әкімдіктері бөлінген қаражатты толық игермеді", - деді Атамқұлов.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды