• Басты
  • Аталған нормалар маңызды саяси жаңалық болып табылады – Е.Қарин
21 Мамыр, 2020 17:08

Аталған нормалар маңызды саяси жаңалық болып табылады – Е.Қарин

Сенат сайлау және саяси партиялар туралы заңдарға түзетулерді мақұлдады, соған сәйкес саяси партияларды тіркеу саны екі есеге қысқарды және партиялық сайлау тізімдерінде әйелдер мен жастардың үлесі міндетті түрде 30 пайыз құрау жөніндегі норма енгізілді, деп хабарлады Президент кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің facebook-тегі парақшасында.
Аталған нормалар маңызды саяси жаңалық болып табылады – Е.Қарин

Осы өзерістер былтыр желтоқсан айында өткен Ұлттық кеңестің екінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен президенттік саяси реформалар пакеті аясында жарияланған болатын. Енді, міне, бүгін сенаторлар бұл жаңа нормаларды мақұлдады.

Аталған нормалар маңызды саяси жаңалық болып табылады. Мысалы, мәслихаттардағы 3 335 орынның – тек 740 орның ғана әйелдер алып отыр. Жалпы республика бойынша 53 депутат – 29 жасқа дейінгі жастар. Ал сенатор Ләззат Сүлейменнің айтуынша, олардың 44-і аудандық мәслихаттарда, ал облыстық мәслихаттарда – жастар мүлдем жоқ деп айтуға болады.

Сондықтан бұл нормалар әйелдер мен жастардың елдегі қоғамдық-саяси процестерге бұдан да кеңірек әрі белсенді қатысуына ықпал етеді

Барлық жаңалықтар
66.249.66.156, 192.168.88.100