• Басты
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
21 Ақпан, 2020 17:41

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті

Қоғам қайраткері, «BTS Digital» білім беру жобасының жетекшісі Саясат Нұрбекпен кездесу барысында кәсіптік-техникалық білім беру ісін және еңбек нарығын дамыту мәселелері талқыланды.

Саясат Нұрбек Президентке «Жаңа мамандықтар атласы» ұлттық жобасының жүзеге асырылуы жайында айтты. Оның пікірінше, аталған жоба жастардың мамандық таңдауына және алдағы уақытта елімізде сұранысқа ие болатын кәсіптерді меңгеруіне көмектеседі.

Мемлекет басшысы білім беру саласында жаңа ғылыми әдістерді және технологиялық шешімдерді қолданудың маңыздылығын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, білім жүйесін жаңғыртуға байланысты мәселелер Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысының күн тәртібіне енгізіледі.

Экономикалық саясат институтының президенті Қайырбек Арыстанбековпен кездесуде ұлттық экономиканы дамыту, мемлекеттің әлеуметтік саясатының тиімділігін жақсарту мәселелері қарастырылды. Қазақстан Президентіне Институттың жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижелері баяндалды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды